Алматы облысы ТЖД Іле ауданы ТЖБ және №8 өрт сөндіру бөлімшесінің жеке құрамымен «Мен өмірді сүйемін» атты іс-шара өтті.
Бастапқыда кадр басқармасының қызметкері саптық тексеріс жүргізіп, қызметтік құжаттарды тексерді.
Семинарға «Облыстық психикалық денсаулық орталығының» психолог-суицидологы Ажибаева Амина Мұхамед-Аминқызы шақырылды. Ол ішімдік, есірткі, құмар ойындары және суицидтің алдын алу, өмірге оң көзқарас қалыптастыру мәселелерін көтерді.
Жеке құраммен сұхбаттар жүргізіліп, психологиялық тесттер алынды. Тренинг барысында күйзелісті жеңу, өзін-өзі басқару және көмек сұрау тақырыптары талқыланды.
Іс-шараның мақсаты – ұжымның моральдық психологиялық саулығын жақсарту және қарым-қатынасты нығайту.
Алматы облысының ТЖД