Жел сыбдырлаған, қарағай тынысын ішіне бүккен тауда, бейқам тасталған шырпы үлкен апаттың бастамасы болуы мүмкін. Сондықтан Алматы облысының жасыл белдеуінде орманды және адам өмірін қорғауға бағытталған нақты шаралар қолға алынуда.
Еңбекшіқазақ ауданының ТЖБ қызметкерлері Іле-Алатау ұлттық паркі, орман шаруашылығы және жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірлесіп, табиғи өрттердің алдын алу бойынша түрлі іс-шаралар өткізуде. Бұл шаралардың басты мақсаты — әр құрылым арасындағы өзара іс-қимылды пысықтау және өрттің туындауына жол бермеу.
Жиындарда шынайы қауіптер мен нақты әрекеттер алгоритмдері талқыланып, профилактикалық шаралардың тиімділігі сараланады. Себебі әрбір маман — орманшы, құтқарушы немесе әкімдік өкілі — бір тізбектің маңызды буыны.
Талқыланған мәселелер қатарында: демалушылардың рұқсат етілмеген жерлерде от жағуы, ауыл тұрғындарының шөп жағу әдеті, сондай-ақ таулы, жетуі қиын аймақтарда өртке жедел ден қою механизмдері бар.
Күрделі бедер мен қураған шөптің тығыздығы жоғары аймақтарда өрт қаупі әрқашан жоғары. Сондықтан мамандар назарын алдын алу шараларына аударады: қураған шөпті тазалау, халықпен түсіндіру жұмыстары, аншлагтар орнату және минералданған жолақтар жасау.
Туристер көп жиналатын жерлерге үнемі рейдтік шығулар кезінде ОЧС қызметкерлері парақшалар таратып, бейнероликтер көрсетеді және демалушылармен қауіпсіздік ережелерін жеке түсіндіреді.
Еңбекшіқазақ ауданының ТЖБ Іле-Алатау ұлттық паркі өкілдерімен, жергілікті билік құрылымдары, шаруа қожалықтары, жергілікті тұрғындар мен қонақтармен бірлесе отырып, табиғи өрттер қаупін азайту бағытында белсенді жұмыс жүргізуде. Әсіресе таулы, жетуі қиын өңірлерде бұл жұмыс ерекше маңызға ие.
Алматы облысы ТЖД ескертеді: Өртті сөндіргенше, оның алдын алған әлдеқайда тиімді. Қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау — табиғатты қорғаудың және адам өмірін сақтаудың кепілі.
Алматы облысының ТЖД