2024 жылғы 16 сәуірде Алатау қаласындағы Әл-Фараби атындағы мектепте балалардың жазғы кезеңдегі қауіпсіздігіне және жер сілкінісі кезіндегі тәртіп ережелеріне арналған маңызды ата-аналар кеңесі өтті.
Жазғы демалыс басталысымен оқушылардың қауіпсіздігі үшін ата-аналар мен педагогтердің жауапкершілігі артады. Бұл кезеңде балалар көп уақытын көшеде, су айдындарында, саяхаттарда өткізеді. Сондықтан ықтимал қауіптерді еске салып, алдын алу шараларын түсіндіру аса маңызды.
Кеңес барысында жазғы қауіпсіздіктің негізгі аспектілері талқыланды:
•жол қозғалысы ережелерін сақтау,
•судағы және су маңындағы қауіпсіз мінез-құлық,
Сондай-ақ, жер сілкінісі кезінде әрекет ету тәртібі бойынша да маңызды ақпарат берілді. Ата-аналарға эвакуациялау алгоритмі, жер сілкінісі кезінде сақтық шаралары және балаларды төтенше жағдайларда сабырлы әрі жинақы болуға үйретудің маңыздылығы түсіндірілді.
Кездесу соңында қатысушыларға жазғы қауіпсіздік туралы жадынамалар мен жер сілкінісі кезінде әрекет ету бойынша нұсқаулықтар таратылды.
Мектеп әкімшілігі ата-аналармен бірлесе жұмыс істеудің маңызын атап өтті. Отбасы мен мектептің тығыз байланысы ғана балалар үшін қауіпсіз, жайлы орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Алматы облысының ТЖД