Алматы облысында жазғы демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайындық басталды

Алматы облысында жазғы демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайындық басталды

ТЖД қызметкерлері мектеп жанындағы лагерьлерде балалардың қауіпсіз жазғы демалысына дайындықты бастады. Алматы облысында жазғы демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық іс-шара өтті. Іс-шараға облыстың білім беру мекемелерінен 130 педагог пен 90 оқушы қатысты. Осы жазда мектеп жанындағы лагерьлер ашылатын мектептерге ерекше назар аударылды. Дәл осы мекемелерден ауқымды профилактикалық жұмыс басталды. ТЖД қызметкерлері іс-шараға қатысушылармен балалардың терезеден құлауының алдын алу, табиғатта және жазғы лагерьлерде демалу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау сияқты маңызды тақырыптарды қамти отырып, түсіндірме әңгімелер өткізді. Іс-шараға қатысушыларға жадынамалар мен ақпараттық брошюралар табыс етілді. Профилактикалық іс-шаралар бүкіл өңір бойынша жалғасатын болады және жазғы кезеңде балалардың қатысуымен болатын төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған.

Алматы облысының ТЖД