
Іле-Алатау ұлттық паркінде өрт қауіпті маусымға дайындық бойынша іс-шаралар, оқу-жаттығу, дөңгелек үстел және өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіре отырып, саяжай учаскелерін аралау өтті.
Қарасай ауданы Іле-Алатау ұлттық паркінің Ақсай филиалында 102 адам мен 13 техниканың қатысуымен өртке қарсы жаттығулар өтті. Бұл жерде ерікті өрт сөндіру және құтқару қызметтерінің дайындығы тексерілді. Қатысушылар өртті сөндіру бойынша тәжірибелік демонстрациялар өткізді және өрт кезінде өзара іс-қимылды пысықтады.
Оқу-жаттығу аясында еріктілер құтқарушылармен бірлесіп саяжай учаскелерін аралап, тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіріп, жадынамалар таратты. Жазғы коттедждердің аумағы алдын-ала карта бойынша аймақтарға бөлініп, әр еріктілер тобы белгілі бір секторға жіберілді. Аэро көзбен шолып тексеру және өрт ошақтарын жедел анықтау үшін учаскенің Шығыс және Батыс бөліктерінен екі дрон тартылды.
Сонымен қатар, Іле-Алатау МҰТП Түрген филиалында орман өрттерінің алдын алуға арналған дөңгелек үстел өтті. Қатысушылар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын және өрттің алдын алу шараларын талқылады.
Алматы облысының ТЖД