
Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінде «Өмірге жол» тақырыбында суицидолог пен психиатр мамандардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Іс-шара Zoom платформасы арқылы онлайн форматта ұйымдастырылып, қалалар мен аудандардың жеке құрамы қатысты.
Кездесудің негізгі мақсаты – кәсіби күйіп-жанудың, суицидтің және түрлі тәуелділіктердің алдын алу, сондай-ақ қызметкерлердің психологиялық тұрақтылығын арттыру. Мамандар кәсіби қажудың негізгі белгілері, күйзелісті тиімді басқару әдістері және эмоционалдық тепе-теңдікті сақтау жолдары бойынша мазмұнды ақпаратпен бөлісті.
Іс-шара барысында қатысушылар тәжірибелік жаттығулар орындап, нақты жағдайларға қатысты сұрақтар қойып, өзара тәжірибе алмасты.
Бұл дөңгелек үстел ұжым ішіндегі қолайлы психологиялық ахуалды қалыптастыруға және қызметкерлердің жалпы психологиялық әл-ауқатын нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды.
Алматы облысының ТЖД