Алматы облысында өрт қауіпті кезеңге дайындық бойынша брифинг өткізілді

Алматы облысында өрт қауіпті кезеңге дайындық бойынша брифинг өткізілді

Алматы облысында брифинг өтті, онда өрт қаупі жоғары жағдайларда табиғи өрттердің алдын алу шаралары талқыланды.

Іс-шара барысында облыс ТЖД өкілдері өрттің негізгі себептері адами фактор және өрт қауіпсіздігіне немқұрайлы қарау болып табылатынын атап өтті.

Брифингте аумақтарды құрғақ өсімдіктерден уақтылы тазарту, қоқыстарды жағуға тыйым салу, ауыл шаруашылығы техникасын қатаң бақылау және халық арасында түсіндіру жұмыстарының маңыздылығы туралы еске салынды.

Алматы облысының ТЖД