Алматы облысында су тасқыны қаупі бар учаскелер тексерілді

Алматы облысында су тасқыны қаупі бар учаскелер тексерілді

Алматы облысы ТЖД Талғар ауданындағы гидротехникалық құрылыстардың жай-күйін тексеріп, су тасқыны қаупін бағалады.

Іс-шаралар аясында Талғар ауданындағы "Талғар Плотина" сел ұстайтын бөгеті мен "Саз-Талғар 7" су қоймасы тексерілді.

Тексеру нәтижелері бойынша гидротехникалық құрылыстар мен су қоймаларының техникалық жағдайына жан-жақты бағалау жүргізілді. Ерекше назар ықтимал қауіптерді талдауға және төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған шараларды әзірлеуге, сонымен қатар, су тасқыны кезеңінің қауіпсіз өтуін қамтамасыз етуге аударылды.

Алматы облысы ТЖД