Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментінің өнеркәсіптік басқармасы мемлекеттік инспекторлары «Henkel Central Asia & Caucasus» ЖШС-не тексеріс жүргізді.

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментінің өнеркәсіптік басқармасы мемлекеттік инспекторлары «Henkel Central Asia & Caucasus» ЖШС-не тексеріс жүргізді.

Тексеріс «2025 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізу тізіміне» сәйкес жүргізілді.

Профилактикалық бақылау барысында 6 дана жүк көтергіш механизмдері мен 4 дана қысыммен жұмыс істейтін жабдықтар тексерілді. Инспекторлармен өнеркәсіптік қауіпсіздік саласы бойынша 12 тармақ бұзушылық анықтады. Тексеріс нәтижесі бойынша акті және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.

Сондай-ақ кәсіпорын өкілдерімен анықталған бұзушылықтар бойынша пікірталас жүргізіліп, бұзушылықтарды жою мерзімдері талқыланды.

Алматы облысының ТЖД