Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментінің өнеркәсіптік басқармасы мемлекеттік инспекторлары «Эфес Қазақстан шет елдік кәсіпорны Акционерлік қоғамының Алматы филиалы» тексеріс жүргізді

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментінің өнеркәсіптік басқармасы мемлекеттік инспекторлары «Эфес Қазақстан шет елдік кәсіпорны   Акционерлік қоғамының Алматы филиалы» тексеріс жүргізді

Тексеріс «2025 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізу тізіміне» сәйкес жүргізілді.

Профилактикалық бақылау барысында  аммиакты тоңазытқыш қондырғысы назарға алынып, ондағы орналасқан 1 дана аммиакты тоңазытқыш қондырғысы жабдықтар тексерілді. Инспекторлармен өнеркәсіптік қауіпсіздік саласы бойынша 3 тармақ бұзушылық анықтады. Тексеріс нәтижесі бойынша акті және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.

Сондай-ақ кәсіпорын өкілдерімен анықталған бұзушылықтар бойынша пікірталас жүргізіліп, бұзушылықтарды жою мерзімдері талқыланды.