
Подполковник Д. Оразбеков Ұйғыр, Кеген, Райымбек және Еңбекшіқазақ аудандарының ТЖ және өрт сөндіру бөлімдерінің гарнизондарына барды.
Сапар барысында ол бөлімдердің жеке құрамымен, олардың қызметтік-жауынгерлік міндеттерімен танысты, сондай-ақ бөлімшелердің инфрақұрылымын зерттеді. Подполковник Оразбеков тұрғын үй-жайларды, материалдық-техникалық қамтамасыз етуді қарап, жеке құраммен кездесу өткізді, қызметтік және әскери тәртіптің жай-күйін, сондай-ақ бөлімшелерде тәрбие жұмысын ұйымдастыруды тексерді.
Өрт сөндіру бөлімінде өртті сөндіру бойынша жұмыстың тиімділігін арттыру, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау, бөлімшелердегі тұрмыстық жағдайларды жақсарту, сондай-ақ өрт техникасын жарамды күйде ұстау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі