Қапшағай су қоймасында мұзда қысқы балық аулау әуесқойларымен профилактикалық жұмыстар жүргізілді

Қапшағай су қоймасында мұзда қысқы балық аулау әуесқойларымен профилактикалық жұмыстар жүргізілді

 

2024 жылғы 20 желтоқсанда Қапшағай су қоймасының көгілдір шығанағындағы Қонаев қаласының Жедел-құтқару жасағы қысқы мұзда балық аулау әуесқойларымен профилактикалық жұмыстар жүргізді. Су объектілерін патрульдеуді жүзеге асыра отырып, балықшылармен және демалушылармен қысқы кезеңде су объектілерінде қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері, мұз астына түскен кезде алғашқы көмек көрсету тәсілдері және су айдындарында балалардың мінез-құлқына тиісті бақылауды қамтамасыз ету қажеттілігі туралы профилактикалық әңгімелер өткізілді. Алматы облысының ТЖД су айдындарында жеке қауіпсіздіктің қарапайым ережелерін сақтау Сіздің демалысыңызды және балық аулауды жағымды ететінін және отбасыларға қайғы әкелмейтінін еске салады.

1.Қысқы мезгілде балық аулау үшін таныс су айдынын және тереңдігі адамның бойынан аспайтын жерлерді таңдау керек.
2.Қауіпті және қауіпсіз мұзды анықтай білу маңызды.
3.Жағадан мұзға қарай түскен кезде сақ болу керек, бұл жерлерде мұз әлсіз болуы мүмкін.
4.Ойықтарды жақын және жиі жасаудың қажеті жоқ.
5.Сондай-ақ, мұздың шағын бөлігінде үлкен топпен отыру қауіпті.
6.Егер ойық жасау кезінде одан су бұрқақпен соғыла бастаса, бұл жер қауіпті және қауіпсіз балық аулауға жарамсыз дегенді білдіреді
7.Өзіңізбен бірге қайғылы жағдайда құтқару үшін қолдануға болатын өткір заттар болу керек.

Тек осы қарапайым ережелерді сақтай отырып, қысқы балық аулау қауіпсіз аяқталатынына сенімді бола аласыз.

«112» - еліміздің барлық аймақтарында қол жетімді құтқару қызметінің бірыңғай нөмірі. Оны теру үшін SIM-карта мен нөмірде теңгерім қажет етілмейді.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі