2024 жылғы 19 желтоқсан күні “Өрт қауіпсіздігі айлығы" республикалық профилактикалық акциясы аясында, Еңбекшіқазақ ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Есік қаласының "Райымбек батыр атындағы орта мектебі" КММ эвакуациялық жаттығулар өткізді.
Оқу-жаттығудың мақсаты: өрт туындаған кезде мектеп қызметкерлері мен оқушыларының практикалық іс-әрекеттерін пысықтау, эвакуациялау және алғашқы көмек көрсету дағдыларын жетілдіру.
Оқу-жаттығу барысында мектеп ғимаратындағы шартты өрт модельденді. Келесі әрекет алгоритмдері пысықталды:
Практикалық бөлімнен басқа, оқушылармен келесі тақырыптар бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді:
Оқу-жаттығудың барлық қатысушыларына өрт қауіпсіздігі ережелері жазылған жадынамалар табыс етілді.
Тұрақты өрт-тактикалық жаттығулар білім беру мекемелерінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ажырамас бөлігі болып табылады. Еңбекшіқазақ ауданының төтенше жағдайлар бөлімі аудандағы мектептер мен басқа да білім беру мекемелерінде өрт қауіпсіздігі деңгейін арттыруға бағытталған осындай іс-шараларды өткізуді жалғастырады. Бұл төтенше жағдайларда іс-қимылдың практикалық дағдыларын пысықтап қана қоймай, балалар мен ересектер арасында Қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі