15.11.2024ж Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің "ӨС және АҚЖҚ" РММ жеке құрамының жауынгерлік біліктілігін арттыру барысында ЖШС "Талгар спирт" кәсіпорынындағы шартты өртті жою үшін тактикалық оқу жаттығу өткізілді.
Оқу жаттығу мақсаты: кәсіпорын қызметкерлерімен бірге төтенше жағдай кезінде бірлесе отырып іс қимыл жасау болып табылады.
Оқу жаттығуға Алматы облысының 3 өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамының қатысуымен және барлық офицерлер құрамының қатысуымен өтті. Бұл оқу жаттығу жеке құрамының біліктілігін арттыруына үлкен үлес қосты. Себебі мұндай үлкен кәсіпорында өткізілген оқу жаттығудан жеке құрам үшін үлкен тәжірибе болып табылады.