2024 жылғы 4 қарашада Қонаев қаласының қалалық жағажай автотұрағының аумағында Алматы облысы гарнизонының өрт сөндіру бөлімдері арасында жылдамдықпен маневр жасау бойынша "Үздік жүргізуші" атағына жарыс өткізілді.
Іс — шараның негізгі мақсаты-жүргізуші құрамының біліктілігі мен кәсіби деңгейін объективті бағалау және арттыру, сонымен қатар, жол қозғалысы ережелерін жақсы білу.
Қызу күресте жүлделі орындар келесідей бөлінді: 1 орынды Нарынқол ауылынан №12 өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі, 2 орынды Қонаев қаласынан №1 өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі, 3 орынды Ұзынағаш ауылынан №4 өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі иеленді.
Жеңімпаздар жоғары кәсібилігі мен шеберлігі үшін кубоктар мен грамоталармен марапатталды.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі