
Тұрмыстық өрттен қорғау.
Сірінке мен тұтандырғыш ойыншық емес! Оларды көзге көрінбейтін жерде сақтаңыз. Балаларыңызды отпен қолдануда сақ болуды үйретіңіз! Пештерді, тостерді қараусыз қалдырмаңыз! Ақаулы электр құрылғыларын, зақымдалған электр сымдары бар, байланысы нашар, электр желілеріндегі сақтандырғыштарды қолданбаңыз. Қолдан жасалған жылытқыштарды пайдаланбаңыз! Электр жылыту мен басқа тұрмыстық құрылғыларды қараусыз қалдырмаңыз! Аулаңызды құрғақ шөптер мен қоқыстардан уақтылы тазартыңыз!Өртті уақытылы анықтау үшін, сонымен қатар барлық тұрғындарға ескерту ретінде үйді автономды өрт хабарлағышпен жабдықтауға болады. Бүгінгі таңда автономды өрт хабарлағыш өрттен болатын өлімнің алдын алудың тиімді құралы деп санауға болады. Бұл құрылғы тұтану кезеңінде әрекет етеді, сіз өртті кез келген құралдармен де, оны стакан су құйып та, қалың көрпемен жауып немесе гүл құмырасындағы топырақпеде өшіруге болады.
Түтін алдымен жоғарыға көтеріліп, төбеге жиналады, содан кейін төмендейді. Сондықтан төбеге от хабарлағышын орналастыру тиімдірек және оны өзіңіз де орната аласыз. Бөлмеге бір хабарлағыш жеткілікті, қатты ұйықтап жатқан адамды ояту болады. Кішкентай балалары бар отбасылар үшін баланы қорқытпайтындай дыбысы біртіндеп көбейетін функциясы бар құрылғылар жасалған.
Сондай-ақ, автономды хабарлағышты арнайы өрт дабылы желілерін орнатуды және қосымша жабдықты пайдалануды қажет етпейді. Жылына кем дегенде бір рет батареясын ауыстыру керек. Жиналып қалған шаңнан жалған дабылды болдырмас үшін жарты жылда бір рет камераны шешіп оптико-электрондық сезбекті шаңсорғышпен тазалап отыру керек. Түтіндік хабарлағыш орташа есеппен 2500 - 5000 теңге тұрады, бұл өрттен болған шығынмен салыстырғанда едәуір аз. Сіз үйіңізге хабарлағышты орнатып, сіз мүлік пен өмірізжі өрттен қорғайтындығыңызға сенімді бола аласыз.
Балалар үшін дәптерге өртке қарсы қызмет нөмірін, сондай-ақ үйіңіздің мекен-жайын жазыңыз. Пәтердің (үйдің) кілтін бір жерде ұстаңыз. Барлық отбасы мүшелерінің кіліт қайда екенін және қалай пайдалану керектігін білетіндігіне көз жеткізіңіз. Өрт сөндіргішпен және басқа да алғашқы өрт сөндіру құралдарымен қалай қолдану керектігін және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды үйрету керек. Отпен абай болыңыз және үйде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыз.
Ересектер, есіңізде болсын: балаларына жауапсыздық танытқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартыласыздар. Сіздің және балаларыңыздың өмірі көбінесе сіздің өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға деген көзқарасыңызға байланысты. Кәмелетке толмағандарды үйде қараусыз қалдырмаңыз! Сіріңкелер мен тұрмыстық техниканы балаладан жасырыңыз! Отпен және электр құрылғыларымен ойнау қайтымсыз салдарға әкелуі мүмкін екенін балаларға түсіндіріңіз! Балалардың бұл кеңестерді есте сақтауы өте маңызды. Балаларды жеке мысал келтіріп өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға үйретіңіз. Біз балаларымызға үлкен қамқорлық жасау арқылы ғана бала тентектігінен орын алған өрттің алдын аламыз, үйімізді, мүліктерімізді және ең қымбат нәрсе - баланың өмірін сақтай аламыз. Әрине, өрт қауіпсіздігі ережелерін өзіңіз сақтаңыз, балаларға қылмыстық немқұрайдылыққа жол бермеңіз.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі