Облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссиясының жоспарға сәйкес отырысы өтті

Облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссиясының жоспарға сәйкес отырысы өтті

Облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссияның 2024 жылғы 09 сәуірде Алматы облысы әкімінің орынбасары Н.К. Кудайбергеновтың төрағалығымен комиссия отырысы өтті.
Отырыста алты мәселе қаралды:
​1. 2024 жылғы өрт қауіпті кезеңінде Алматы облысының орман және дала аумағындағы өртке қарсы жағдайын қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан шаралар туралы.
​2. Шомылу маусымы кезеңінде азаматтардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын даярлау туралы.
​3. Сырғыма мен сел кезеңіне дайындық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету және оларға қарсы іс-шараларды іске асыру туралы.
​4. Сейсмологиялық мониторинг және жер сілкінісіне дайындық бойынша қажетті іс-шаралар туралы.
​5. Алматы облысының аудандары мен қалаларының аумағында су тасқынына қарсы іс-шараларды орындау барысын талқылау (жоспардан тыс).
​6. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, эпидемиялық аурулардың таралуы мәселесі (жоспардан тыс).
​Жоғарыда көсетілген алты мәселе бойынша отырыс қорытындысында аудан және қала әкімдеріне, облыстық департамент, басқарма басшыларына орындау мерзімдерін белгілей отырып, нақты тапсырмалар берілді.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі