Алматы облысының ТЖД-да Халықаралық әйелдер күніне орай ардагерлерді құттықтады

Алматы облысының ТЖД-да Халықаралық әйелдер күніне орай ардагерлерді құттықтады

8 наурыз – Жылдың ең аяулы, жарқын және тамаша күн! Осы бір тамаша әйелдер мерекесінде тек жағымды эмоциялар, шексіз бақыт сыйлайтын күндердің бірі. Әйел әрақашан ізгіліктің, нәзіктіктің және дархан көңілдің  көрінісі болып келді және болып қалмақ, бүгінгі мереке оларға деген шынайы құрмет белгісі.

Осы көктемнің мерекесін барлығы асыға күтеді. Шын мәнінде, 8 Наурыз — әрбір нағыз ер адам үшін өзінің ең шынайы және нәзік қасиеттерін көрсетуге тамаша мүмкіндік.

2024 жылғы 5 наурызда Іле ауданының төтенше жағдайлар бөлімінде 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнін мерекелеу құрметіне Өтеген батыр ауылының 8 өрт сөндіру бөлімінің мәжіліс залында салтанатты іс-шара өткізілді, онда азаматтық қорғау ардагерлері мен зейнеткерлері шақырылды.

Алматы облысы ТЖД бастығының кадр және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Бахытнұр Хабиденович Қалиев пен ардагерлердің жетекшісі Марат Утегенович Кабылов ұжымның әйелдерін айтулы мерекемен құттықтап, құттықтау сөз сөйлеп, сыйлықтар, гүлдер, грамоталар табыс етті.

Сондай-ақ, төтенше жағдайлар кадет әскери-патриоттық сыныптарының жетекшісі Ертай Дарменкулович Андосов құттықтау сөз сөйледі және төтенше жағдайлар кадет сыныптарының билері мен концерттік қойылымдары әдемі аруларға көрсетілді.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі