Боран – бұл қардың желмен тасымалдануы. Көбінесе қарлы боран қармен бірге жүреді. Боранның салдары ғимараттардың қар астында қалуына, жолдардағы қозғалыстың тоқтауына байланыстың үзілуіне, адамдардың қалыпты өмірін бұзылуына әкеледі.
Егер боран басталса, сіз өзініздің іс-әрекетіңізді есте сақтауыңыз керек:
Үйден шықпаныз. Терезелер мен есіктерді, шатыр люктерін мықтап жабыңыз. Балкондардағы заттарды ауа ағымымен алып кетпес үшін алып тастаңыздар.
Қол шамдармен май шамдарды дайындап қойыңыздар.
Егер сіз көлікпен жүрсеніз боран өтіп кеткенше тосыңыз.
Егер боран кезінде далада қалсаңыз жақын орналасқан ғимараттың ішіне кіріп боран тоқтағанша тосыңыз.
Көліктен шыққан кезде одан көзге көрінбейтін жерден алыс кетпеңіз. Жолда тоқтағаннан кейін дабылды үзік-үзік дыбыстық сигналдармен жібіреңіз, антеннаға жарық матаны іліп қойыңыз, көлікте көмек күтіңіз.
Егер сіз елді мекенне тыс жерде жаяу жүріп адассаңыз, бірінші жолыққан үйге кіріп, орналасқан жеріңізді нақтылаңыз және мүмкіндігінше боранның аяқталуын күтіңіз.
Құрметті азаматтар, ауа райының нашарлауы кезінде осы қауыпсіздік шараларынды сақтаңыздар осы шаралар, Сізді және жақындарыңызды қорғайды.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі