Мемлекеттік өртке қарсы қызметке, полицияға, жедел медициналық жәрдем қызметіне немесе төтенше жағдайлар қызметіне жалған қоңырау шалу әкімшілік айыппұл салуға әкеп соғады

Мемлекеттік өртке қарсы қызметке, полицияға, жедел медициналық жәрдем қызметіне немесе төтенше жағдайлар қызметіне жалған қоңырау шалу әкімшілік айыппұл салуға әкеп соғады

«101» және «112» телефон желілері – әрбір азамат білуі тиіс маңызды телефон нөмірлері. Бұл нөмірлерді білу - сіздің өміріңізді сақтап қалуы мүмкін. Бірақ бүгінде бұл ең маңызды нөмірлер әркімнің ойыны мен шалағайлығының құралына айналды. Біреу ойнап хабарласқан кезде, көрші үйде өрт болып немесе әлдебіреу апатты жағдайға түскен болуы мүмкін.

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері кез келген хабарламаға жауап беріп, шақыртуға шығады. Тек оқиға орнына  жеткенде ғана қайсысының шын, қайсысының жалған екені анықталады.

Уақытылы қоңырау шалу азаматтардың өмірі мен мүлкін сақтайды. Неліктен бүгінгі күні бұл ең маңызды нөмірлер ойын құралына айналды? «112» немесе «101» телефондарына жалған қоңырау шалғанда пранкерлер олардың әзілдері біреудің, мүмкін олардың жақындарының немесе таныстарының, өмірін қиюы мүмкін екенін түсінбейді.

Жалған қоңырауларды екі түрге бөлуге болады: «қате» және «қасақана». Қате қоңыраудың артында адамдар тұрады, мысалы: олар отты су буын, отпен жұмыстан шыққан түтінді және алыстан түтін болып көрінетін басқа нәрселерді өрт деп қабылдауы мүмкін. Мұндай шақырулар жалған болғанымен, заң бойынша жазаланбайды. Өйткені, өрт әзілдейтін нәрсе емес: уақытты босқа өткізіп, шағын өрттің салдары асқынатын нағыз өртке айналуына жол бергенше, уақытында «101» немесе «112» телефондарына хабарласқан дұрыс.

Ал екінші түрі ол - қасақана - мамандандырылған қызметтерге әдейі жалған қоңырау шалу. Ол заңның шегінде жазаланады. Арнайы қызметтерді (төтенше жағдайлар, полиция, жедел жәрдем) бұзақылық себептермен шақырған кезде азамат әкімшілік жауапкершілікке, ал террористік акт туралы хабар түскен жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын түсінуі қажет. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 438-бабына сәйкес мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына, ішкі істер органдарына, жедел медициналық жәрдем қызметіне, төтенше жағдайлар қызметіне көрінеу жалған қоңырау шалу айлық есептік көрсеткіштің отыздан алпысқа дейінгі мөлшерінде әкімшілік айыппұл салуға әкеп соғады.

Бүгінгі таңда заманауи техникалық құралдар телефондық бұзақыларды оңай анықтап, оларды жауапқа тартуға септігін тигізеді.

Дегенмен, жалған қоңыраудың құны тек ақшалай түрде өлшенбейтінін ұмытпаңыз. Бұл, ең алдымен, адамдардың өмірі мен амандығы!

Өзіңізге және жақындарыңызға қамқорлық жасаңыз!

                                                                            

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі