25 қазан - Қазақстан тарихындағы маңызды күндердің бірі

25 қазан - Қазақстан тарихындағы маңызды күндердің бірі

25 қазан - ел тарихындағы маңызды күндердің бірі. 1990 жылы дәл осы күні Қазақ КСР Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация қабылданды. Бұл елдің тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадамдарының бірі болды.
Декларация сол кезде Қазақ КСР-нің егемендігін және Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздерін жариялады. Онда алғаш рет аумақтың тұтастығы, егемендігі мен таласқа түспейтін тәуелсіздігі, халықтар мәдениеті мен олардың тілдерін дамыту, ұлттық бірегейлікті нығайту сияқты мемлекеттілік қағидаттары бекітілді.
Сондай-ақ, құжатта саяси, экономикалық және әлеуметтік мәселелерді өз бетінше шешу принципі жарияланды. ҚазКСР өзінің ішкі әскерлерін, мемлекеттік қауіпсіздік және ішкі істер органдарын құру құқығын алды. Ал Президент ел басшысы, әкімшілік-атқарушы жоғарғы биліктің басшысы болып танылды.
Нәтижесінде 25 қазан 2001 жылы мемлекеттік мерекелер тізіміне енгізілді. Алайда, кейінірек 2009 жылы елдің Тұңғыш Президентінің Жарлығымен ол мемлекеттік мерекелер тізімінен шығарылды.
«Республика күнін ұлттық мереке мәртебесіне қайтаруды ұсынамын. Сондықтан жыл сайын 25 қазанда біз егемендік күнін еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтуіміз керек», - деді Мемлекет басшысы.
Мереке қарсаңында Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті полиция департаментімен және жедел медициналық көмекпен бірлесіп флешмоб өткізді.

                                                         

                                                                                                        Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі