Алматы облысының тауларында іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілді

Алматы облысының тауларында іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілді

2023 жылдың 24 қыркүйегінде сағат 19:47-ден бастап Алматы облысы Жамбыл ауданы Фабричный ауылының таулы жерінде құтқарушылар күшімен 1989 жылы туған жас жігітті іздестіру жұмыстары жүргізілді.

Белгілі болғандай, ол 2023 жылдың 24 қыркүйегінде сағат 11-де мотоциклмен тауға шығып, қайта оралмаған. Сағат 16:30-да ол досына бейежазба және геолокация жіберіп, тауларда қалың тұман бар екенін және қайтып оралу мүмкін еместігін хабарлаған.

Іздестіру-құтқару жұмыстарын ТЖ департаменті, республикалық жедел-құтқару жасағы қызметкерлері және жоғалған адамның достары жүргізді. Шатқалдың ішінде шамамен төрт шақырымдай жүріп, жоғалған туриске қарай көтеріліп, сағат 21:33-те оны көлікке аман-есен жеткізді.

Медициналық көмек қажет болмады.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖ департаментінің 4 қызметкері мен техникасы, кинологиялық есеппен 4 құтқарушы және республикалық жедел-құтқару жасағының техникасы, жоғалған азаматтың 3 досы жұмылдырылды. 

Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа-райының өзгеруін бақылауға және туристік маршруттарда сақтық шараларын сақтауға шақырады.

 

Алматы облысы ТЖД баспаcөз қызметі