Алматы облысындағы Сол Талғар өзенінде су деңгейі көтерілгені туралы ақпарат

Алматы облысындағы Сол Талғар өзенінде су деңгейі көтерілгені туралы ақпарат

2023 жылғы 21 шілдеде Талғар өзені бойындағы "Большая поляна" су бекетінің деректері бойынша таулы жерлерде жауын-шашынның көп мөлшерде түсуіне байланысты Сол Талғар өзеніндегі су деңгейі  секундына 18 текше метрге көтерілді. Қазіргі уақытта Талғар өзеніндегі су деңгейі секундына 23,5 текше метрді құрайды (судың сыни деңгейі секундына 40 текше метр). Талғар бөгеті гидротехникалық құрылысының су өткізу қабілеті секундына 70,5 текше метрді құрайды.

Қазіргі уақытта су транзиттік режимде өтіп жатыр. Қосымша бақылау бекеттері қойылды. Гидротехникалық құрылыстың жоғарғы жағында демалып жатқан адамдар эвакуацияланды.

Жағдай жергілікті атқарушы органдардың, облыстың ТЖД, Қазселденқорғаудың тұрақты бақылауында.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі