Кеген ауданындағы аула аумақтарын су басу туралы ақпарат

Кеген ауданындағы аула аумақтарын су басу туралы ақпарат

2023 жылғы 6 шілдеде сағат 18.35-тен 19.35-ке дейінгі аралықта Кеген ауданының Саты ауылында, ұлтарақ орталық көшесінде нөсер жауын-шашын мен бұршақтың салдарынан көлбеу ағын орын алды.

Су ағыны Ұлтарақ орталық көшесінің бойымен өтті, қолданыстағы арық жүйесі су ағынын өткізіп үлгере алмады, соның салдарынан көшелерді су басты.

Қайтыс болғандар, зардап шеккендер мен қиратулар жоқ. Алматы облысы ТЖД мәліметінше, тұрғын үйлерді су басқан жоқ.

Кеше сағат 20.00-де жауын-шашын тоқтап, су деңгейі төмендеді. Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД, Қазселденқорғау ММ күштері мен құралдары барды.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі