Жер сілкінісі туралы ақпарат

Жер сілкінісі туралы ақпарат

ҚР ТЖМ "СОМЭ" ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2023 жылғы 04 шілдеде Алматы уақытымен 19 сағат 26 мин 54 сек (2023 жылғы 04 шілдеде Гринвич бойынша 13 сағат 26 мин 54 сек) жер сілкінісі тіркелді.
Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 83 км жерде Еңбекшіқазақ ауданында Түрген ауылынан 25 шақырым жерде орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы 8.2.
MPV магнитудасы 3.8.
Эпицентрдің координаттары 43.30° С. Е. 77.93° ш. б.
Тереңдігі 15 км.
Сезгіштігі туралы мәліметтер (ДСМ-64 шкаласы бойынша): жоқ.
Алматы облысы ТЖ Департаменті ақпаратты алғаннан кейін жергілікті атқарушы органдарды, Полиция Департаментін, Қазселденқорғау, прокуратура және басқа да ұйымдарды хабардар етті, сеніп тапсырылған аумақтардағы жағдай нақтылануда, қираулар мен құрбандар туралы хабарламалар түскен жоқ.
Алматы облысының ТЖД жер сілкінісі кезіндегі әрекеттердің тәртібі туралы ескертеді:
- ғимараттан шығыңыз (сіздің иелігіңізде 15-20 секунд);
- жоғарғы қабаттарда қалған жағдайда баланы құшақтап алып, есік ойығының орнына немесе іргелі қабырғалардан құралған бұрышта орын алып тұрыңыз;
- ешқандай жағдайда терезе жанында тұрмаңыз және балкондардан секірмеңіз.
- ғимараттардан, құрылыстардан, бағаналар мен қоршаулардан алыстап тұрыңыз;
- үйге кірмеңіз: дүмпулер қайталануы мүмкін;
- жеделсатыны пайдаланбаңыз;
- сіріңке, шам жағуға болмайды;
- сымдарға қол тигізбеңіз;
- зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетіңіз.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі