
2023 жылдың 26 маусымында "Қазселденқорғау" ММ орталық аппаратының, АҚПТБ және ІААПТБ филиалдарының мамандарының қатысуымен Іле Алатауы жотасының Ұзынқарғалы өзені алабынан Түрген өзені алабына дейін (қоса алғанда) сел қаупі бар өзен арналарын, сырғыма мен сел қауіптілігін, мореналық-мұздық кешендердің жай-күйін бағалау мақсатында "Қазавиақұтқару"АҚ Ми-8 АМТ тікұшағымен 1000-4100 абс. м биіктіктердерде әуе жұмыстары жүргізілді. Әуе жұмыстарының ұзақтығы 3 сағат 50 минутты құрады.
Әуе жұмыстары негізінде мыналар анықталды: Мореналық көлдер толу режимінде. Жақын маңдағы беткейлер мен мұздықтардан еріген қар суларымен көл қазаншұңқырларының толуы байқалады. Жаңа көлдер пайда болды.
Ауа температурасының күрт жоғарылауына байланысты көл қазаншұңқырлары күрт толуы мүмкін.
Мореналық көлдердің басым бөлігі толу режимінде және ең төменгі деңгейде.
Мұздықтардың еру белгілері анықталған жоқ. Демалыс күндері және келесі аптаның басында ауа температурасының жоғары болжамдарына сәйкес, биік таулы аймақтағы қар қорының көп болуына байланысты өзендердегі су өтімі айтарлықтай жоғарылауы мүмкін.
Сел жағдайы үнемі бақылауда.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі