2023 жылғы 14 Маусымда 21 сағат 00 минутта ұшу және жедел жағдайды бағалау қорытындысы бойынша жедел штаб Абай облысындағы Семей орманы табиғи резерватының аумағында табиғи өрт бойынша оқшаулауы туралы жариялады.
Бұл ретте қалыптасқан жағдайды ескере отырып, жергілікті жану ошақтарын сөндіру және жаңаларының пайда болуына жол бермеу бойынша негізгі күштерді шоғырландыру үшін күштер мен құралдарды қайта топтастыру жүргізілді.
Алматы облысы ТЖД қызметкерлері орман алқабының ішіндегі өрт ошақтарын сөндіргеннен кейін заманауи жоғары ажыратымдылықтағы гибридті камерамен және тепловизормен жарақтандырылған "Matrice 300 RTK" маркалы заманауи пилотсыз ұшу аппаратын пайдалана отырып, жасырын жану ошақтарын анықтау үшін және оларды толық жою мақсатында жергілікті жерге аэровизуалды тексеру жүргізуде.
Қолданылатын жылу камерасы бар дрон жылы нүктелерді анықтайды, дәлдікпен координаттарды жердегі топтарға одан әрі өрт сөндіру тактикасын таңдау үшін хабарлайды, бұл қайталама өртенуі болдырмауға мүмкіндік береді және барлық жану ошақтарын жоюға көмектеседі. Сонымен қатар, өрт сөндіру кезінде, осы дрон алдын ала жану ошақтардың алаңың анықтау үшін және оттың таралуын және бағыттарын анықтау үшін қолданылды. Жалпы, бұл жабдық өзін жақсы жағынан дәлелдеді және болашақта табиғи өрттерді жою кезінде, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қаупі мен туындауы кезінде іздестіру-құтқару жұмыстарын және аэровизуалды тексерулерді жүргізуде қолданылатын болатындығын көрсетті.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі