Талғар ауданының ТЖБ хабарлайды!
Қалалық жерлерде балалардың жарақат алуы мен өліміне әкеп соғатын негізгі себетерінің бірі –терезеден құлау оқиғалары. Ашық терезе алдындакішкентай балалар осал болады, өйткені оларды ашық терезенің арғы жағында не болып жатқаны қатты қызықтырады. Бұл туралы әртүрлі алынған жарақаттардан балалардың қаза болуы деңгейі куәландырады.
Балалардың абайсыздығынан болған оқыс оқиға ата-анасының қарауынсыз қалған балалар ұшырайды.
Қазіргі жаз мезгілі ашық тұрған терезенің балаларының өміріне қауіпті екенін ата-аналар ұмытып кетеді.
Үйде балалар болған жағдайда ешқашан терезені ашық қалдырмаңыз! Сіз балаңыздын жанында болғаныңызбен бірнеше секундқа бір нәрсеге алданып кеткенде, балаңыз өз өмірімен қош айтысуы мүмкін.Балаларыңызды еш уақытта қараусыз қалдырмаңыздар!
Балаларыңыз терезені өз еркімен аша алмауы үшін терезелеріңізге тіреуіш орнатыңыздар!
Терезеден құлау жағдайынын балаларды қалай сақтауымыз керек?
Барлық жоғарыда аталған ережелер балконда да сақталуы тиіс.
Жыл сайын биіктен құлау себебінен көптеген балалар мерт болуда. Ата- аналар балаларыңызды қараусыз қалдырмаңыздар. Абай болыңыздар!
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі