«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ бос лауазымға орналасу үшін алғашқы кәсіптік даярлықтан өтуге іріктеу жариялайды

«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ бос лауазымға орналасу үшін алғашқы кәсіптік даярлықтан өтуге іріктеу жариялайды

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2023 жылғы 1-15 наурыз аралығында (хабарландыру жарияланған күннен бастап он жұмыс күн ішінде)

Лауазымдар: өрт сөндіру кезекші қызметінің жүргізушісі - 3-бірлік;

Талғар ауданы Талғар қаласындағы №2-мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізуші-қызметкері - 1-бірлік;

Қонаев қаласындағы №1-өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізуші-қызметкері - 3-бірлік;

Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласындағы №3-өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізуші-қызметкері - 1-бірлік;

Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылындағы №4-өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізуші-қызметкері - 2-бірлік;

Қарасай ауданы Қаскелен қаласындағы №5-өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізуші-қызметкері - 4-бірлік;

Кеген ауданы Кеген ауылындағы №7-өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізуші-қызметкері - 2-бірлік;

Іле ауданы Өтеген батыр ауылындағы №8-өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізуші-қызметкері - 1-бірлік;

Іле ауданы Боралдай ауылындағы №9-өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізуші-қызметкері - 5-бірлік;

Қонаев қаласындағы №1- өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушы-радиотелефонисті - 2-бірлік;

Талғар ауданы Талғар қаласындағы №2-мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушы-радиотелефонисті - 2-бірлік;

Жамбыл ауданы Ұзынағаш аулындағы №4- өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушы-радиотелефонисті - 1-бірлік;

Іле ауданы Өтеген батыр аулындағы №8- өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушы-радиотелефонисті - 1-бірлік;

Іле ауданы Боралдай аулындағы №9- өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушы-радиотелефонисті - 1-бірлік.

Өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізуші-қызметкерінің лауазымдық міндеттері: Өрт орнына өрт сөндіру автомобилімен жеке құрамды жеткізу. Бекітілген техниканың сондай-ақ оларға орнатылған механизмдердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету. Бөлім қарамағындағы өрт сөндіру автомобильдерінің барлық түрлерін әртүрлі жол және метеорологиялық жағдайларда басқара білу. Өрт сөндіру автомобильдеріне техникалық қызмет көрсетіп, жөндеу жұмыстарын жүргізе білуге міндетті.

Өрт сөндіруші-құтқарушы-радиотелефонисттің лауазымдық міндеттері: Қарауылдық қызметке қатысу, өрт және басқа да төтенше жағдайлар жөнінде хабарламаларды қабылдау және өңдеу.

Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлердің лауазымдық жалақысы: C- SV-12 санаты бойынша еңбек сіңірген жылдарына байланысты 106 712 теңге және C- SV-13 санаты бойынша еңбек сіңірген жылдарына байланысты 95 917 теңге.

Іріктеуге қатысушыға қойылатын талаптар: Іріктеуге қатысушының жасы 18 – 35 аралығында болуы шарт. Білімі орта. В,С және одан да басқа санатты жүргізуші куәлігі бар (жүргізуші лауазымына міндетті түрде). Жүк автокөліктерінде 3 жылғы тәжірибесі болу керек. Қорғаныс министрлігінде әскери-оқу қоры дайындығы бойынша әскери қызмет пен әскери дайындық өткен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылған немесе кейінге қалдырған азаматтар қабылданады.

Шектеулер: «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
6- бабының 2-тармағына сәйкес шектелген адамдар /Құқық қорғау қызметіне: заңмен белгіленген тәртіппен іс-әрекетке қабілетсіз немесе іс-әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған; әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысына сәйкес лауазымдық өкілеттіктерді орындауға кедергі келтіретін сырқаты бар; медициналық немесе психофизиологиялық куәландырудан, оның ішінде полиграфологиялық зерттеуден өтпеген; қызметкер құқық қорғау қызметінде болуына байланысты шектеулерді және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдаудан бас тартқан; құқық қорғау қызметіне тұрар алдында бір жыл ішінде қасақана құқық бұзушылығы үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған; құқық қорғау қызметіне тұрғанға дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған; қызметке тұрғанға дейін өзіне қатысты үш жылдың ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін соттың айыптау үкімі шығарылған немесе қызметке орналасқанға дейін үш жылдың ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған; сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған; сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жұмыстан шығарылған; сотталғандығы бар немесе болған не қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің
35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған, сондай-ақ мемлекеттік, әскери қызметтен, өзге де құқық қорғау органдарынан, арнаулы мемлекеттік органдардан теріс себептер бойынша шығарылған, сондай-ақ судья өкілеттігін теріс себептер бойынша тоқтатқан адам қабылданбайды
/, сондай-ақ 17- бапқа сәйкес /Қызметкердің: өкiлдi органдардың депутаты және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшесі болуға, партиялар, кәсіптік одақтар қатарында болуға, қандай да бір саяси партияны қолдауға, құқық қорғау органдары жүйесінде өз мүшелерінің еңбек, сондай-ақ басқа да әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін білдіру мен қорғау және еңбек жағдайын жақсарту үшін олардың кәсіптік мүдделерінің ортақтығына негізделген саяси мақсаттарды көздейтiн қоғамдық бірлестіктерді құруға; педагогтiк, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтердi қоспағанда, басқа да ақылы қызметпен айналысуға; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның лауазымдық міндеттері болып табылатын жағдайларды және ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын, облигацияларды, ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында коммерциялық ұйымдардың акцияларын (ұйымдардың дауыс беретін акциялары жалпы санының бес пайызынан аспайтын көлемдегі жай акцияларды) сатып алу және (немесе) өткізу жағдайларын қоспағанда, кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға, оның iшiнде оның ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, коммерциялық ұйымды басқаруға қатысуға; заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, үшiншi тұлғалардың істерi бойынша өкiл болуға; өзiнiң қызметтiк әрекетiн қамтамасыз ететін материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз ету құралдарын, басқа да мемлекеттiк мүлiк пен қызметтiк ақпаратты қызметтiк емес мақсатта пайдалануға; ереуiлдердi қоса алғанда, мемлекеттiк органдардың қалыпты жұмыс iстеуiне және қызметтiк мiндеттердi орындауға кедергi келтiретiн әрекеттерге қатысуға; лауазымдық өкiлеттiктерін атқаруға байланысты жеке және заңды тұлғалардың қызметiн жеке мақсатында пайдалануға; пайдакүнемдiк мақсатта, оның ішінде лауазымды немесе өзге де адамдармен сөз байласу жолымен қызмет бабын пайдалануға; өзінің жақын туыстары (ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері), жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), ата-аналары және балалары) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты болатын лауазымды атқаруға, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында болуына құқығы жоқ./ қызметкер құқық қорғау қызметінде болуына байланысты шектеулерді және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 12- бабында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді /Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың (Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе мәслихаттарының депутаттығына, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару сайланбалы органдарының мүшелігіне кандидаттарды қоспағанда), лауазымды адамдардың, сондай-ақ көрсетілген функцияларды орындауға уәкілеттік берілген кандидаттар болып табылатын адамдардың өз өкілеттіктерін жеке, топтық және өзге де қызметтік емес мүдделерде пайдалануына әкеп соғуы мүмкін әрекеттерді жасауына жол бермеу мақсатында, аталған адамдар осы Заңның 13, 14, 14-1 және 15-баптарында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, өздеріне:

      1) мемлекеттік функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызметті жүзеге асыру;

      2) жақын туыстарының, жұбайлары (зайыптары) мен жекжаттарының бірге қызмет (жұмыс) істеуіне жол бермеу;

      3) мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында, ресми таратылуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдалану;

      4) материалдық сыйақыны, сыйлықтарды немесе көрсетілетін қызметтерді ұсынған адамдардың пайдасына әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін, егер мұндай әрекеттер осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген адамдардың қызметтік өкілеттіктеріне кірсе немесе осы адамдар лауазымдық жағдайына байланысты мұндай әрекеттерге (әрекетсіздікке) ықпал етуі мүмкін болса, оларды қабылдау;

      5) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде шоттарды (салымдарды) ашу және иелену, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде қолма-қол ақша мен құндылықтарды сақтау бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайды.

  1. Осы баптың 1-тармағының бірінші абзацында аталған адамдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдамауы лауазымға қабылдаудан бас тартуға не лауазымнан шығаруға (лауазымнан босатуға) әкеп соғады, оларды сақтамау, қылмыстық жазаланатын іс-әрекет және әкімшілік құқық бұзушылық белгілері болмаған жағдайда, олардың мемлекеттік қызметті немесе өзге де тиісті қызметті тоқтатуы үшін негіз болып табылады.
  2. Осы баптың 1-тармағының бірінші абзацында аталған адамның отбасы мүшелері материалдық сыйақыны, сыйлықтарды немесе көрсетілетін қызметтерді ұсынған адамдардың пайдасына осы адамның әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін ұсынылатын материалдық сыйақыны, сыйлықтарды немесе көрсетілетін қызметтерді алуға, егер мұндай әрекеттер (әрекетсіздік) осы адамның қызметтік өкілеттіктеріне кірсе не ол өзінің лауазымдық жағдайына байланысты мұндай әрекеттерге (әрекетсіздікке) ықпал етуі мүмкін болса, құқылы емес.

      Ескертпе: Осы Заңда осы баптың 1-тармағының бірінші абзацында аталған адамның отбасы мүшелері деп оның жұбайы (зайыбы), ата-аналары, балалары, оның ішінде кәмелетке толған балалары және асырауындағы және онымен тұрақты тұратын адамдар түсініледі.

  1. Осы баптың 1-тармағының бірінші абзацында аталған адамдар және (немесе) олардың отбасы мүшелері хабардар етілмей, олардың шотына келіп түскен ақша, сондай-ақ олар осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасын және 5-тармағын бұза отырып алған қаражат олар анықталғаннан кейін екі аптадан аспайтын мерзімде тиісті мемлекеттік кіріс органына мұндай қаражаттың түсу мән-жайлары туралы түсініктеме беріле отырып, республикалық бюджетке аударылуға жатады.

      Осы баптың 1-тармағының бірінші абзацында аталған адамдар және (немесе) олардың отбасы мүшелері хабардар етілмей келіп түскен, сондай-ақ олар осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасын және 5-тармағын бұза отырып алған сыйлықтар сыйлықтың алынған күнінен бастап не осы баптың 1-тармағының бірінші абзацында аталған адамға сыйлықтың алынғаны туралы мәлім болған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға өтеусіз берілуге жатады, ал аталған адамдарға нақ сондай мән-жайларда көрсетілген қызметтерге қызмет көрсетілген күннен бастап не осы баптың 1-тармағының бірінші абзацында аталған адамға қызметтің көрсетілгені туралы мәлім болған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде республикалық бюджетке ақша аудару арқылы ақы төленуге тиіс.

      Сыйлықты мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға берген адам жоғары тұрған лауазымды адамды хабардар ете отырып, оны "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалған құны бойынша, мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органмен жасалатын сатып алу-сату шарты негізінде сатып алуға құқылы. Сыйлықтарды сатудан түскен ақша республикалық бюджетке аударылады/ қабылдаудан бас тартқан адамдар құқық қорғау органдары қатарына қызметке қабылданбайды.

Құжаттарды қабылдау орны: Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Еркін ауылдық округі, Еркін ауылы, Ащыбұлақ көшесі №4/4 үй БСН: 080940017526,  индекс /040800/,  анықтама телефоны: (8-7282) 41-61-12, электрондық мекен-жайы: ok_spasr_almob@emer.kz

Қажетті құжаттардың тізбесі:

  • 1-қосымшағасәйкес нысан бойынша бос лауазымға орналасуға арналған іріктеуге қатысуға өтініш;
  • Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
  • білім туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ "Білім туралы құжаттарды тану қағидаларын, сондай-ақ білім туралы құжаттары Қазақстан Республикасының аумағында танылатын шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушысының 2021 жылғы 19 шілдедегі № 352 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23626 болып тіркелген) 1-қосымшадағы Білім туралы құжаттарды тану қағидаларынасәйкес білім туралы құжаттарды тану рәсімдерінен өткенін растайтын құжаттар (наториалды куәландырылған);
  • 2-қосымшағасәйкес нысан бойынша жақын туыстарын, оның ішінде бұрынғы жұбайларын көрсете отырып, өз қолымен жазылған толық өмірбаян;
  • әскери билет немесе тіркеу куәлігі;
  • Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабынасәйкес кандидаттың еңбек қызметін растайтын құжаттар (бар болса);
  • 3х4 көлеміндегі түрлі-түсті фотосуреттер (6 дана);
  • кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңынасәйкес кірістері мен мүлкі туралы декларацияны тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсынғанын растайтын құжаттар;
  • 3-қосымшағасәйкес нысан бойынша кандидаттың сауалнамасы;
  • 4-қосымшағасәйкес нысан бойынша кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну, іріктеу комиссиямен оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.