Құжаттарды қабылдау мерзімі: хабарландыру жарияланған күннен бастап он жұмыс күн ішінде
Өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізуші-қызметкерінің лауазымдық міндеттері: Өрт орнына өрт сөндіру автомобилімен жеке құрамды жеткізу. Бекітілген техниканың сондай-ақ оларға орнатылған механизмдердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету. Бөлім қарамағындағы өрт сөндіру автомобильдерінің барлық түрлерін әртүрлі жол және метеорологиялық жағдайларда басқара білу. Өрт сөндіру автомобильдеріне техникалық қызмет көрсетіп, жөндеу жұмыстарын жүргізе білуге міндетті.
Өрт сөндіруші-құтқарушының лауазымдық міндеттері: Карауылдық қызметке қатысу, өртті сөндіруге қатысу, адам өмірі мен мүліктерді құтқару бойынша авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу.
Өрт сөндіруші-құтқарушы-радиотелефонисттің лауазымдық міндеттері: Қарауылдық қызметке қатысу, өрт және басқа да төтенше жағдайлар жөнінде хабарламаларды қабылдау және өңдеу.
Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлердің лауазымдық жалақысы: C- SV-12 санаты бойынша еңбек сіңірген жылдарына байланысты 104906 теңге және C- SV-13 санаты бойынша еңбек сіңірген жылдарына байланысты 94316 теңге.
Іріктеуге қатысушыға қойылатын талаптар: Іріктеуге қатысушының жасы 35 жастан аспауы шарт. Білімі орта. В,С және одан да басқа санатты жүргізуші куәлігі бар (жүргізуші лауазымына міндетті түрде). Жүк автокөліктерінде 3 жылғы тәжірибесі болу керек. Қорғаныс министрлігінде әскери-оқу қоры дайындығы бойынша әскери қызмет пен әскери дайындық өткен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылған немесе кейінге қалдырған азаматтар қабылданады.
Шектеулер: «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6- бабының 2-тармағына сәйкес шектелген адамдар, сондай-ақ 17- бапқа сәйкес қызметкер құқық қорғау қызметінде болуына байланысты шектеулерді және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 12- бабында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдаудан бас тартқан адамдар құқық қорғау органдары қатарына қызметке қабылданбайды.
Құжаттарды қабылдау орны: Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Еркін ауылдық округі, Еркін ауылы, Ащыбұлақ көшесі №4/4 үй БСН: 080940017526, индекс /040800/, анықтама телефоны: (8-7282) 41-61-12, электрондық мекен-жайы: ok_spasr_almob@emer.kz
Қажетті құжаттардың тізбесі:
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну, іріктеу комиссиямен оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.