Бортоғай су қоймасындағы қар үйіндісінде қалған 12 жүргізуші мен 16 бірлік автотехника сәтті эвакуацияланды

Бортоғай су қоймасындағы қар үйіндісінде қалған 12 жүргізуші  мен 16 бірлік автотехника сәтті эвакуацияланды

2023 жылғы 5 қаңтар күні сағат 21.45-де Бортоғай су қоймасындағы қар құрсауында қалған барлық адамдар эвакуацияланды. Естеріңізге сала кетейік, таңғы сағат 09-00-де қар құрсауында қалған 12 жүргізуші мен 16 бірлік автотехника қалды, оның 4-і сынып қалған болатын.

Қар құрсауында қалған адамдар мен техниканы эвакуациялау жұмыстары бүгін сағат 9.40-та Батанға жетпей 23-25 км аралығында түскен үш қар көшкіні қиындатты. Автожолды тазарту «Қазселденқорғау» ММ және 13-ЖҚБ күштерімен, Республикалық жедел-құтқару жасағы  және Алматы облысы ТЖД күштерімен жүргізілді.

Жалпы авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖ департаментінен, Республикалық жедел-құтқару жасағынан, полиция департаментінен, облыстық денсаулық сақтау басқармасынан, жергілікті атқарушы органдардан, ерікті-еріктілерден 85 адам мен 38 техника жұмылдырылды.

Туыстары эвакуацияланған адамдарды Түрген экопостында ұйымдастырылған жедел штабта қарсы алды. Олар эвакуациялауға жұмылдырылған барлық қызметтердің мамандарына адамдарды құтқару ісіндегі қажырлы еңбегі үшін шын жүректен алғыс айтты.

Алматы облысының ТЖД дауылды ескертулерді елемеуге және ауа-райының қолайсыз жағдайларында өтуі қиын, қарлы учаскелерге бармауға кеңес береді. Сондай-ақ, облыстың ТЖ департаменті жоспарланған туристік бағыттар туралы Алматы облысының ТЖД хабарлау қажеттігін еске салады.

 

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі