Талғар гарнизонының азаматтық қорғау қызметкерлері "Балалар қауіпсіздігі" тақырыбында шағын фильм элементтерімен бейнеролик түсірді. Сценарий бойынша Талғар гарнизоны АҚ қызметкерлерінің жеке тұрғын үй секторын аралау кезіндегі күнделікті профилактикалық жұмысы көрсетілді, оралау барысында Талғар қаласының тұрғынына түбіртектер, қауіпсіздік бойынша жадынамалары табыс етіліп, нұсқаулық өткізілді. Әрі қарай, жеке үйдің тұрғынының дұрыс әрекеттері көрсетілген, онда ол ұлымен бірге барлық жадынамаларды қарайды және оқиды, олар бірге сурет салады және ойнайды. Мұны бала есіне алады және үйде жалғыз қалған сәтте ол сіріңкені көрседе, анасының сөздерін еске түсіріп, оларды қауіпсіз жерге апарады, ол үшін оны анасы баласын мақтайды.
Балалардың қауіпсіздігі - бұл ата-аналарға жүктелген өте маңызды миссия. Жалпы жайлылық атмосферасынан басқа, сіз үйде баланың қауіпсіздігіне қамқорлық жасауыңыз керек. Бұл ата-аналарға тәуелді психологиялық және физикалық аспектілерді білдіреді.
Физикалық аспектілер ойластырылған бөлшектер арқылы қамтамасыз етіледі. Мысалы, электр құрылғыларына кіруді шектеу немесе барлық розеткаларға блоктарды қою, қол жетімді жерлерден сіріңкелерді, оттықтарды, шамдарды және басқа да жанғыш заттарды алып тастау, терезелерге блокаторларды орнату, тесетін немесе кесетін заттарды қолжетімді жерден алып тастау қажет. Балалар әлемді ерекше қызығушылықпен зерттейді, сондықтан ата-аналар мұндай танысу мүмкіндіктерін дұрыс көрсету керек. Балалармен әңгімелесу, өрт қауіпсіздігі шаралары туралы айту керек. Өрт қауіпсіздік ережелері балаларға ойын түрінде көрсетілсе жақсы естерінде сақталады. Ойындардың нұсқасы ретінде ата-аналар балалармен бірге сурет салып, жадынамаларды бірге оқып және балаларды дұрыс әрекет еткені және қауіпсіздік ережелерін сақтағаны үшін мадақтауды ұмытпаңыз. Өзіңізге және жақындарыңызға қамқор болыңыздар .
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі