Ашық есік күні

Ашық есік күні

Жамбыл ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері "Аққайың" және "Мэри" балабақшаларының тәрбиеленушілеріне ашық есік күнін өткізді Экскурсияның мақсаты-оқушыларға бала кезінен отты қауіпсіз пайдалану ережелерін үйрету.

Сонымен қатар, тәрбиеленушілерге аудандағы өрт жағдайлары туралы нақты мысалдар беріліп, өрт сөндірушілердің жұмысы жан-жақты түсіндірілді. Өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері тәрбиеленушілерге өрт сөндіру техникасын көрсетті, өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары кезінде қандай жабдық пайдаланылатынын, өрттің жай-күйі туралы шақыру қайда түсетінін және жеке құрамның шақыруға қалай ұйымшылдықпен шығатынын көрсетті.

Бұл іс-шаралар балалардың өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауына бағытталған.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі