Талғар ауданы Бірлік ауылының маңындағы өрт фактісі бойынша ақпарат

Талғар ауданы Бірлік ауылының маңындағы өрт фактісі бойынша ақпарат

2022 жылғы 22 қыркүйек күні сағат 16-51-де Алматы облысы ТЖД кезекші бөлімінің пультіне Талғар ауданы Бірлік ауылының маңында жеке тұрғын үйдің жанғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Шақырту орнына жоғары дәрежелі шақыру бойынша өртке қарсы бөлімшелер дереу жіберілді.
Шақырту орнына сағат 17:11 - де келген сәтте (өрт сөндіру бөлімінен қашықтық 12 км.) құрылысы аяқталмаған екі қабатты үйдің ағаш мансардасының жанғаны анықталды, жалпы ауданы-270 ш.м. (көлемі 18х15). Қабырғалары кірпіш, төбелері монолитті, төбесі жұмсақ шатыр.
Өрт сағат 17:49-да ауыздықталып, сағат 18-10-да сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Өрттің себебін анықтау үшін шақырту орнына Алматы облысы ТЖД Өрт сынақ зертханасы жіберілді. Өрттің шығу себебі анықталуда.
Өртті сөндіруге Алматы облысы ТЖД-нің 8 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылды.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі