Дауылды алдын ала ескерту

Дауылды алдын ала ескерту

"Қазгидромет" РМК-ның 2022 жылғы 18 қыркүйектегі дауылды ескертуінің негізінде 22-24 қыркүйек күндері Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында күн күокіреуі және найзағай түсуі күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.
Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын сақтауға шақырады. Дауылды ескертулер, және басқа да шұғыл ақпаратты жедел алу үшін Сіз «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктей аласыз.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі