Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылының компрессорлық станциясында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылының компрессорлық станциясында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді

2022 жылғы 20 қыркүйекте сағат 11-00-де "ӨС және АҚЖҚ" ММ жеке құрамымен және Алматы облысы ТЖД инженерлік - инспекторлық құрамымен Шелек кентінің компрессорлық станциясы - "Алматы" МТГ РЭУ объектісінде өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді.

Оқу-жаттығудың тактикалық ойы бойынша автоцистернадан жерасты ыдыстарына айдау кезінде бензин төгілген. Болжам бойынша өрт ұшқынның салдарынан болған. Жанар-жағармай материалдарының құйылуы мен жануы нәтижесінде өрт жақын маңдағы құрылыстарға, атап айтқанда жөндеу-пайдалану учаскесіне және 10 көлікке арналған гаражға таралды.

Шартты өртті сөндіру барысында келесі мәселелер пысықталды:

- шартты өртті сөндіру кезінде өртке қарсы қызмет бөлімшелері мен объектінің инженерлік-техникалық және қызмет көрсету персоналы арасындағы өзара іс-қимыл;

- бірінші келген және одан кейінгі өрт сөндіру басшысының жағдайды бағалау, шешуші бағытты таңдау, жедел өрт сөндіру штабының жұмысы дағдыларын жетілдіру;

- өрттегі штаб және тыл жұмыстары;

- өртті сәтті сөндіру үшін қажетті бөлімшелер мен техниканы өртке шақыру орнына шоғырландыру уақыты;

- жеке құрамның қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау қағидаларын сақтауы.

- орнату орындары, сондай-ақ өрт техникасына арналған кірме жолдар.

ТҚП өткізуге жеке құрамнан 65 адам және 5 бірлік техника, сондай-ақ өзара іс-қимыл қызметі: аудандық полиция бөлімінен 2 адам және 1 бірлік техника, 3 адам және 1 бірлік жедел медициналық жәрдем техникасы, 1 адам және 1 бірлік ТҚП штабының техникасы жұмылдырылды.

Алматы облысы ТЖД басшылығынан оқу-жаттығу өткізу орнында ТЖД бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі А.П. Рау, "ӨС және АҚЖҚ" ММ бастығының орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі В. А. Зобов, сондай-ақ ТЖБ бастықтары, бөлім бастықтары, қарауыл бастықтары және жақын маңдағы бөлімшелердің бөлімше командирлері қатысты.

Оқу-жаттығу нәтижелері бойынша лауазымды тұлғаларды тыңдау және анықталған қателер мен кемшіліктерді оларға жол бермеу мақсатында түсіндіру арқылы талдау жүргізілді. Жалпы, жеке құрам қойылған тапсырманы жақсы орындады. Сондай-ақ, бұл іс-шара "Жетісу" және "Алматы" телеарналарымен көрсетілді.

 

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі