Талдау көрсеткендей, өрттердің 77% - ы тұрғын үй секторына тиесілі.
Тұрғын үй секторындағы өрттердің барлық жағдайлары негізінен электр жабдықтарын монтаждау және техникалық пайдалану ережелерін бұзу, жылыту пештерін пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу және отты абайсыз пайдалану салдарынан орын алады.
Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, тұрғын үй секторында өрттердің алдын алу бойынша жұмыстар күшейтілді.
2022 - 2023 жылдарға арналған есепте тұрған 53256 жеке тұрғын үй (1241 – қатты отынмен, 34255 – газбен, 17500 - орталықтан, 260-электрмен жылыту пештерімен жылытылады).
Қарасай ауданында 2022 жылғы 15 тамыздан бастап "өрт қауіпсіздігі айлығының" бірінші кезеңі басталды, Жергілікті атқарушы органдармен, Қарасай ауданының ОЖБ, "Жалын", "ГазТрансГаз" еріктілерімен бірлесіп халықтың әлеуметтік осал топтарын комиссиялық аралау басталды қазіргі уақытта 1162 үй бар, халықтың әлеуметтік осал топтарының 985 үйі ( халықтың 96%-ы), "өрт қауіпсіздігі айлығы" үйлер).
Апта сайын сенбі күндері "тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі сенбіліктері" және аудан тұрғындарымен профилактикалық, үгіт-насихат іс-шаралары өткізіледі.
Тұрғын үй секторындағы өрттерде адамдардың қаза болуы мен өрттің алдын алу үшін Қарасай ауданының тұрғындарымен 106 адамды қамтитын 10 жиын өткізілді. Айлықты өткізудің іс-шаралар жоспарына сәйкес, жергілікті полиция инспекторларымен бірлесіп 12 рейд жүргізілді, 51 адам қолайсыз, көп балалы, аз қамтылған, тұрғылықты жері жоқ адамдар ретінде есепке алынды.
Базарларда дауыс зорайтқыш құрылғылар бойынша өртке қарсы тақырыпта 849 радиобесед оқылды. Бұқаралық ақпарат құралдарында, атап айтқанда "Жалын", газеттерінде тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша 5 мақала жарияланды. Аудан әкімдігінің web сайтына 3 мақала жіберілді. Қарасай ауданының ТЖБ "Instagram" әлеуметтік желілерінде бөлім қызметкерлерінің күнделікті жұмысы, сондай-ақ "Instagram" әлеуметтік желілерінде Қарасай ауданының тұрғындары үшін профилактикалық іс-шаралар мен өрт қауіпсіздігі қағидалары жарияланады. Жетісу телеарнасында 1 сюжет көрсетілді.
Білім беру ұйымдарында, медициналық мекемелерде 90 адамды қамтумен 3 дәріс өткізілді. Ұйымдардың, білім беру объектілерінің қызметкерлерімен 64 адамды қамтумен 2 Нұсқама өткізілді. Орта мектептерде, мектепке дейінгі мекемелерде 77 адамды қамтумен 2 ашық сабақ өткізілді. Қарасай ауданының мектепке дейінгі балалар мекемелері мен орта мектептердің бастауыш сыныптарында өртке қарсы тақырыпта ойын түрінде 7978 адамды қамти отырып, 26 конкурс пен викторина өткізілді. Аудан оқушылары арасында "Мен болашақ құтқарушымын" тақырыбында суреттер конкурсы, "Егер мен құтқарушы болсам" үздік эссесі, үздік жұмыстар грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
5 акция өткізілді: "Тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі күні!", "Қауіпсіз демалыс", " балалар өртке қарсы!». Елімізде қалыптасқан жағдайды ескере отырып, тұрғын үй секторында өрттердің алдын алу бойынша жұмыстар күшейтілді.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі