Балаларды өртке сақтау жолдарын үйретіңіз!

Балаларды өртке сақтау жолдарын үйретіңіз!

Балалардың отпен ойнауынан туындаған өрттер - өкінішке орай сирек емес. Мұндай өрттердің соңы  өте қайғылы - балалар өлімімен аяқталуы мүмкін. Кішкентай балалардың барлығы дерлік оттың қаупін толық түсінбестен, оған деген қызығушылық танытады. Үш-бес жастағы балалар өз ойындарында көбіне ересектерді қайталайды, олардың әрекеттеріне, жұмысына еліктейді. Бұл жаста балалар бәрін тезірек біліп,өздері жасап көргісі келеді. Балалардың өз бетінше жасауға  ұмтылысы әсіресе олар үйде жалғыз қалған кезде айқын көрінеді.

Балалардың ойнынан туындайтын өртті  болдырмас үшін не істеу керек:

- балаларға өрт қауіпсіздігі тәртібі туралы үйрету;

- өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға байланысты барлық жағдайларда үлгі болу;

- сіріңкелерді балаларға қол жетімді жерде қалдырмаңыз;

- балаларға пеш, газ плиталарын жағуға, электр құрылғыларын өз бетімен қосуға нұсқау бермеңіз;

- балалардың от жағпауын қадағалаңыз;

- үйден шыққан кезде кішкентай балаларды үлкендер қараусыз қалдырмаңыз;

- балаңыздың бос уақытын қызықты ұйымдастырыңыз.

Балаңызға өрт кезінде не істеу керек екенін үйретіңіз.Егер өрт немесе жану белгісі (түтін, жоғары температура, жану иісі және т.б.) анықталса, кез-келген жастағы бала бөлмеден дереу кетуі керек. Өрт туралы ересектерге немесе өрт сөндіру қызметіне «101»  телефонымен хабарлаңыз. «Тыйым салынған жеміс тәтті!»дегендей, балаға "Болмайды" деп айтудың орнына, сіріңкенің,оттықтың қауіпі  туралы тағы бір рет түсіндірген пайдалы.

Ата-аналар!

  • Балаларды қосулы тұрған электр құрылғыларымен жалғыз қалдырмаңыз.
  • Жылыту пештері жылытылған кезде балаларды үйде жалғыз қамап қоймаңыз.
  • Балаларға сіріңке бермеңіз. Жалындаған өрт кішкентай сіріңкеден шығады.
  • Газ плитасы қосылған кезде балаларды жалғыз қалдырмаңыз.
  • Балаларға айтыңыз: «Сіріңкені ұстама- сіріңкеде от бар!»
  • Балаларды отпен ойнауы өрттің себебі болып табылады.

Ересектер!

  • Отпен ойнап жатқан балалардың жанынан байқамағандай өтпеңіз, өкінішке алып келуі мүмкін.
  • Балаларға өрттің салдары қаншалықты ауыр екенін айту керек.
  • Қосулы тұрған электр құрылғыларына, сымдарға су құймаңыз.
  • От жағу үшін өзенге немесе көлге жақын жерден құмды немесе шағыл тасты орын табу керек.

.· Ғимараттардың жанында, ормандар мен шымтезек батпақтарында, шабындықтардың жанында, тез тұтанатын заттар мен материалдар бар жерлерде от жақпаңыз.

Мүмкін болатын қайғылы жағдайдың алдын алу біздің міндетіміз! Сіздің балаларыңыздың өмірі мен денсаулығы сіздің өрт қауіпсіздігі ережелерін түсінуіңізге және сақтауыңызға байланысты. Олар үшін үлгі бол! Балаңызға күнделікті өмірде қауіпсіз ережелерін, өрт кезіндегі іс-әрекеттерді үйретіңіз. Балаңызды қауіптен  қорғау сіздің тікелей міндетіңіз!

 

 

 Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі