Аномальды ыстық дегеніміз - бұл ұзақ мерзімді аномальды ыстық және құрғақ ауа райы, ол сыртқы температураның +32 °C және ауаның салыстырмалы ылғалдылығы төмендігімен (24% - дан кем) сипатталады. Оған тән сипат плюс температурасының нормадан жоғары ұзақ 6-7 °C дейін артуы болып табылады.
Мүмкін, кейбір адамдар ыстықты жақсы көреді және олар оны жақсы көтереді, бірақ ауа температурасы 38 градустан жоғары болғанда, адамның денесі қызып кетуден қорғану үшін қан ағынын орталықтандыру механизмін қосады – перифериядағы қан тамырларын қанмен жабдықтауды азайтады. Ол жүрек-қантамыр жүйесіне жүктеме артады және кейіннен оның ауруларының дамуына әкелуі мүмкін. Бірінші кезекте аномальды температура мен гипертермияның құрбандары болып, ағзаның қызып кетуі мен сусыздануын қиындататын егде адамдар табылады. Тәуекел тобына сондай-ақ ыстықтан асқынатын созылмалы аурулармен ауыратын адамдар, балалар, сондай-ақ салмағы артық адамдар кіреді.
Аномальды ыстықта не істеу керек?
Шын мәнінде, аномальды ыстық кезінде өзіне және жақындарыңызға денсаулықты сақтауға көмектесу үшін қарапайым алдын алу шараларын дайындалу және қолдану өте оңай. Төменде негізгі әдістер көрсетілген, олардың көмегімен ыстықты көтеру әлдеқайда оңай.
Сонымен, ыстық күн аңдаусызда үсіңізден түспеу үшін және сіздің денсаулығыңызға үлкен зиян келтірмеу үшін, келесі ережелерді орындау қажет:
- Далада болу уақытын шектеу. Ашық кеңістіктерде, әсіресе ең ыстық сағатта – 11-ден 17-ге дейін ұзақ уақыт болудан аулақ болу, себебі күннің ыстығында болуы сау адамдар үшін де мүлдем қауіпсіз емес. Күн сәулесінің тікелей әсерінде болған кезде терінің көп бөлігін жабуға тырысу қажет.
- Физикалық жүктемені уақытша төмендету немесе оларды ерте таңертеңге немесе кешкі уақытқа ауыстыру керек.
- Далаға шыққан кезде табиғи маталардан тігілген және ашық түсті жеңіл киім кию керек. Киімнің жағасы кен болған жөн. Далада міндетті түрде бас киімдерді (жазғы қалпақ, панама, орамал және т.б.), күннен қорғайтын көзілдірік, қолшатыр пайдалану керек.
- Көп мөлшерде сұйықтықты ішу ұсынылады (тәулігіне кемінде 1,5 литр сұйықтық ішу қажет): шай, минералды су, морс, құрамында майы төмен қышқыл сүт сусындары, кептірілген жемістерден жасалған қайнатпалар, витаминденген сусындар. Бұл ретте құрамында қант, энергетикалық сусындар бар газдалған сусындар мен сұйықтықтарды қолданудан аулақ болыңыз. Жаңа дайындалған тағамды ғана ішіңіз, өйткені күннің ыстығында бәрі тез бұзылады және сол себепті өте оңай уланып кетуге болады. Дайындалған тағамдарды ұзақ уақыт сақтауға болмайды, ал азық-түліктерді (әсіресе тез бұзылатын) сатып алған кезде оларды соңғы жарамды мерзіміне назар аудару керек. Аса ыстық ауа райында қиын сіңірілетін өнімдердің орнына көкөністер мен жемістер сияқты "жеңіл" тағамға артықшылық беру керек. Қарапайым гигиена ережелерін сақтаңыздар: тамақ алдында қолды жуу, жемістер мен көкөністерді таза сумен мұқият жуу.
- Спиртті ішімдіктерді ішуге тыйым салынады, өйткені олар ағзада су тапшылығын тудырады.
- Салқындатылуы керек. Салқын душ қабылдаңыз. Бірақ бұл рәсім сіз үшін үйреншікті болмаса, қолдар мен бетті сумен жиі шаю керек.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі