Талдықорған Жоғарғы медициналық колледжінің студенттерімен эвакуациялық жаттығу жүргізу

Талдықорған Жоғарғы медициналық колледжінің студенттерімен эвакуациялық жаттығу жүргізу

Ағымдағы жылдың 18 мамырында Талдықорған Жоғарғы медициналық колледжінің аумағында Алматы облысы ТЖД қызметкерлері студенттермен Эвакуациялық жаттығу өткізді.

Алматы облысы ТЖД қызметкерлері Талдықорған қаласының аумағында азаматтық қорғау саласындағы оқу-жаттығулар мен жаттығуларды өткізу жоспарын орындау мақсатында Талдықорған Жоғарғы медициналық колледжінің студенттерімен эвакуациялық жаттығу өткізді.

Жаттығуды өткізу барысында студенттерге жер сілкінісі және өрт туындаған кездегі тәртіп ережелері түсіндірілді және көрнекі көрсетілді. Сонымен қатар, жаз мезгілі кезіңдегі судағы  қауісіздік бойынша үгіс-насиғат өткізілді.  Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі