Ата-аналарға балалардың қауіпсіздігі туралы

Ата-аналарға балалардың қауіпсіздігі туралы

БАҚ, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер танымалдығының артуымен, кез-келген ақпараттың бүгінгі күні таралуы бірден және танымал болды. Соңғы оқиғалар шеңберінде (батуттардағы оқиғалар, балалардың терезеден құлауы және бассейндегі қыздың өлімі) балалардың қауіпсіздігіне қатысты осы мәселенің маңыздылығы ақпараттың таралуына қарай өсуде. Кез келген теріс ақпарат ата-аналар мен балаларда үрей тудыруы мүмкін. Әр бір ата-ананың ең үлкен қорқынышы - бұл бала үшін қорқыныш! Бала үшін бірінші кезекте ата-ана жауап береді. Біздің міндетіміз, әрбір ата-анаға маңызы бірінші кезектегі және қажетті қауіпсіздік ережелерін жеткізу.    

Жалғыз үйде: қауіпсіздік техникасы. Ересек халықтың жұмыспен қамтылуына байланысты көптеген адамдар өз балаларын үйде жалғыз қалдыруға мәжбүр. Бұл, әрине, біз ұсына алатын ең жақсы әрекет емес. Алайда, балаға қажетті білімді дарыту және қажетті тыйымдардың шекарасын белгілеу – бұл әр ата-ананың міндеті. Балаңызды жалғыз үйде қалдыру бұрын, пәтеріңізді тексеріңіз: электр сымдары ақаусыз ба, су желілері және жылыту жүйесі дұрыс жұмыс істейма? Баланы барлық тұрмыстық заттарды өзіне зиян емес, пайсымен қолдануын үйретіңіз. Баланың жедел байланыс телефондарын (101/112,102,103,104), ұялы телефоныңызды, ата-аналардың телефонын білуін қадағалаңыз. Міндетті түрде баламен толық мекенжайды үйреніңіз. Сіріңкемен және жанғыш сұйықтықтармен, электр құралдарымен ойнауға тыйым салыңыз, газ плитаны дұрыс жағуға үйретіңіз немесе келгенге дейін оны пайдалануға тыйым салыңыз. Үйден жарты сағатқа кетсеңізде, сіріңке мен шаншып-кесетін заттарды жасыруды ұмытпаңыз. Терезелерді кетер алдында жабыңыз, бала терезеге шықпайтынына жиһаздың барлық түрлерін терезеден алып тастаңыз. Балаларға терезеден түсу қаупі туралы түсіндіріңіз, балаларға терезе астына шығуға тыйым салыңыз және москит торы құлаудан сақталмайтынын ескеріңіз. Жиі, москит торы трагедияға ықпал етеді, өйткені бала өзін қауіпсіз сезінеді және терезеге де, оған да сүйенеді. Балалар осы торлармен бірге жиі түседі. Терезеге блокиратор орнатыңыз. Балаға терезені бірнеше сантиметрден артық ашуға мүмкіндік бермейтін арнайы бекіткіштерді терезелеріңізге қойыңыз. Егер Сізде дәл қазір бекіткіш және сақтандыру жабдықтарын орнатуына мүмкіндік болмаса, Сіз бұрандаманы, бекіткіш тұтқаны бұрап, қажет болған жағдайда пайдаланып, қолданғаннан кейін бірден алып тастай аласыз. Жалпы, баланы жалғыз үйде қалдыратын қажеттілік туындаса, оның бос уақытын, қарындаштарын, қажетті суреттерді, мульфильмдерді және т.б. ұйымдастырыңыз. Балаларыңызға сақ болыңыз! Олар біздің болашағымыз!

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі