Ардагерлерді Қарттар күнімен құттықтады

Ардагерлерді Қарттар күнімен құттықтады

Қарттар күні - бұл ата-аналарымызды, ата-әжелерімізді ерекше назарда ұстайтын мейірімді де жарқын мереке. Бұл мереке - қоғамның жоғары буынға деген құрметі, ризашылығы мен сүйіспеншілігі. 

 Бүгін, 1 қазан Халықаралық қарттар күнін мерекелеу аясында Алматы облысы ТЖД Ардагерлер кеңесі Азаматтық қорғау органдарының ардагерлерін, қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан қызметкерлердің жесірлерін құттықтады. Он отбасы, соның ішінде Үштөбе қаласында тұратын Анатолий Яковлевич Нижмаков та болды. Сонымен қатар Кербұлақ ауданының ТЖ бөлімінің қызметкерлері, ҚР ТЖМ өртке қарсы қызметінің ардагері, 1979-1992 жж Сарыөзек ауылындағы кәсіби өрт сөндіру бөлімінің бастығы қызметін атқарған, 1948 жылы туған Оберенко Виктор Антоновичті аталған мерекемен құттықтап қайтты. Бөлімнің жеке құрамы атынан ардагерге тәттілер салынған себеттер табысталды.

Құрметті ардагерлер қозғалысының көшбасшылары! Сіздерді қарттар күнімен құттықтаймыз! Дана, тәжірибелі, жас ұрпаққа үлгі болып қалатын барлық ардагерлер күні! Барлық ардагерлерге мықты денсаулық, оптимизм, рух күші, отбасыларда амандық тілейміз!

 

                             Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі