Талдықорған қаласына 20 жыл – азаматтық қорғау органдарындағы қызметіне 20 жыл

Талдықорған қаласына 20 жыл – азаматтық қорғау органдарындағы қызметіне 20 жыл

Талдықорған қаласына 20 жыл – азаматтық қорғау органдарындағы қызметіне 20 жыл

 

20 жыл бұрын, 2001 жылғы 14 сәуірде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев №585 Жарлығымен Алматы облысының әкімшілік орталығын Алматы қаласынан Талдықорған қаласына көшірді.

Бикен Римова атындағы драма театрының ғимаратында салтанатты жағдайда өткен бұл тарихи оқиға Жетісу өлкесінің жаңа тарихына еніп, Талдықорған дамуының жаңа кезеңінің басталуын белгіледі. Ұлт көшбасшысы қала тұрғындарын өміріндегі аса маңызды оқиғамен құттықтай отырып, бұл шешім «үлкен мемлекеттік маңызы бар іс» екендігін атап өтті. 20 жыл ішінде Талдықорған Алматы облысының өзіндік визит карточкасына айналып, танымастай өзгерді. Жыл сайын қалада жаңа көрікті жерлер пайда болып, көшелер абаттандырылуда, экономика айтарлықтай қарқынмен дамуда, ал қала тұрғындарының өздері ертеңгі күнге сеніммен қарайды. 20 жыл ішінде қала халқы 61,5 мыңнан астам адамға артып, 178,5 мың адамды құрады.

Бұл тарихи күн барлық қала тұрғындарын – жастар мен ардагерлерді, түрлі кәсіптегі адамдарды, этностарды, әлеуметтік мәртебені біріктіреді. Әсіресе, бұл күн Жетісу өңірінің жүрегі, жарқын да әсем Талдықорған туған жері болып табылатындар үшін аса қымбат.

Бүгін біз Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің азаматтық қорғау органдарындағы жұмыс өтілі бүгінгі күні тура 20 жылды құрап отырған қызметкері туралы сөз қозғамақпыз.

20 жыл бойы біздің сүйікті қаламыз Талдықорған өсіп қалыптасты және онымен бірге біздің әріптесіміз азаматтық қорғау полковнигі Павел Владимирович Сачков баға жетпес тәжірибеге ие болды. 1979 жылы 14 қазанда Талдықорған облысы Гвардейск ауданы Қоғалы ауылында дүниеге келген. Мектепті бітірген соң, Павел Владимирович І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетіне оқуға түсті, оның аяқтап Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарында борышын өтеді. 2002 жылы Алматы облысы МӨҚҚБ жедел бөлімінің инженері болып жұмысқа орналасты, 2004 жылы «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің Алматы облысы бойынша филиалына өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары бөлімінің аға инженері болып ауысты. Одан әрі өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары бөлімінің бас маманы, осы филиалдың өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары бөлімінің бастығы лауазымдарын атқарды. 2010-2015 жж. Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелер және байланыс құралдары бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді. 2015-2019 жылдары – Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің техникалық қызмет және құлақтандыру бөлімінің бастығы. 2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Департаменттің дағдарыс жағдайларында басқару басқармасының бастығы болып жұмыс істейді. Сондай-ақ Павел Владимирович 2016 жылдан бастап өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша халықаралық және республикалық жарыстарға бас төрешілер алқасының бас хатшысы ретінде қатысады, халықаралық дәрежедегі төреші біліктілігіне ие.

20 жыл ішінде П. Сачков өзін білікті маман, ісіне жауапкершілікті әрі тыңғылықты адам ретінде, әрқашан қол ұшын созуға, көмекке келуге және өзінің кеңесін беруге, сөзбен және іспен қолдауға дайын екендігін көрсетті. Оның әкімшілік-басқарушылық міндеттерді шешуде тәжірибесі мол, қызметте өз ісіне жауапкершілік, өз бетінше шешім қабылдай білу, ақпараттың үлкен көлемімен жұмыс істей білу, ұйымдастырушылық қабілеті, шыдамдылық сияқты  қасиеттерімен ерекшеленеді. Оның адамдармен ашық-жарқын қарым-қатынасы, әзілкештігі кез келген мәселені шешуге көмектеседі. Әріптестерімен жұмыста тең іскерлік қарым-қатынаста. Үнемі жоғары кәсіби деңгейде өзінің білімі мен дағдыларын шыңдап отырады. Оның жұмыс тәжірибесі мен практикалық білімі мол, олардың бәрі бірдей барлық адамда бола бермейді. Ол өз жұмысын тиімді жоспарлай біледі, жақсы көреді және оған барлық бос уақыты мен күшін арнайды. Ең қиын деген тапсырмалардың өзін оңтайлы шешеді. Ол – нағыз ұйымдастырушы, ұжым қызметкерлері арасында міндеттерді тиімді бөліп, оларды кез келген тапсырманы орындауға жұмылдыра алады. Мәдениеттілік деңгейі жоғары, білімді, зиялы азамат. П. Сачков Департамент басшылығы мен әріптестері арасында жоғары беделге ие. Павел Владимирович отбасылы, екі бала тәрбиелеп отырған үлгілі әке.

Әріптесімізге азаматтық қорғау органдарында қызмет баспалдағымен жоғарылауды, генералдық жұлдыздарға дейін өсуді және ең бастысы – денсаулық пен амандықты тілейміз. Жас ұрпаққа Отанға одан әрі қызмет ету үшін, азаматтық қорғау полковнигі Павел Владимирович Сачков сияқты азаматтарға қарап бағдар ұстауды тілейміз.

 

Алматы облысы  ТЖД баспасөз қызметі