Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №118 бұйрығымен бекітілген 2021 жылға арналған азаматтық қорғау органдарындағы идеологиялық жұмыс жоспарының 27 тармағын орындау үшін, сондай-ақ Департамент қызметкерлерінің жас ұрпағына үлгі ретінде және патриоттық тәрбие беру мақсатында, 2021 жылғы 23 қыркүйекте барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып Zoom қосымшасы арқылы джиу-джитсу бойынша Қазақстан Республикасы чемпионы және Қазақстан кубогының чемпионы Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылының №19 өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндірушісі Санжар Сабыржанұлы Жақсылықбаевпен онлайн-кездесу өткізілді.
Өзінің баяндамасында С.С. Жақсылықбаев жеке құрамға өзінің өмірі мен жетістіктері туралы айтты.
Алматы облысы ТЖД
кадр саясаты басқармасы