Қазақстанда «Қазқұтқару-2021» құтқару көпсайысы бойынша халықаралық жарыстар басталды

Қазақстанда «Қазқұтқару-2021» құтқару көпсайысы бойынша халықаралық жарыстар басталды

2021 жылғы 23 қыркүйекте Алматы облысының Тамғалы Тас шатқалында орналасқан «Жартасты қала-Астана» оқу – жаттығу полигонында Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің басшылығымен «Қазқұтқару-2021» құтқару көпсайысы және әскери-құтқару үшсайысы бойынша жарыстардың ашылу рәсімі өтті.
Жарыстарға Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан ТЖМ құтқару бөлімшелері және Қазақстан Республикасы азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінің әскери қызметші-құтқарушылары қатысуда. Құтқару көпсайысы және әскери үшсайыс бойынша жарыстардың бас төрешілер алқасы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел-құтқару жасақтары мен шет мемлекеттердің төтенше ведомстволарына қатысушы командалар арасында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға тән табиғи және жасанды кедергілерден тұратын қашықтықтардан өту барысында құтқарушылардың үздік командаларын айқындауды жүзеге асыратын болады.
Қазақстан Республикасы ТЖМ жедел-құтқару жасақтары және Қазақстан Республикасы азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінің әскери қызметші-құтқарушылары командаларының әскери-құтқару үш сайысы арасындағы құтқару көпсайысы бойынша жарыстар іздестіру-құтқару, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу дағдыларын жетілдіру және жедел-құтқару жасақтары арасындағы өзара іс-қимылды пысықта, авариялық-құтқару құралдары мен техникасын пайдаланудың озық әдістерін меңгеру, іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу тәжірибесімен алмасу, құтқарушылардың кәсіптік даярлығын жетілдіру мақсатында өткізіледі.
Жарыс 3 қашықтықты, атап айтқанда «Техногендік апаттар жағдайындағы іздестіру-құтқару жұмыстары» дистанциясы, «Акваторияда іздестіру-құтқару жұмыстары» қашықтығы, «Табиғи орта жағдайындағы іздестіру-құтқару жұмыстары» дистанциясы қамтиды.
Жарыстың бірінші күні қатысушылар «Техногендік апаттар жағдайындағы іздестіру-құтқару жұмыстары» құтқару көпсайысы бойынша қашықтықтар мен «Кросс» және «Кешенді күштік жаттығулар» әскери-құтқару үшсайысы бойынша қашықтықтардан өтеді.
Жарыстар 23-27 қыркүйек аралығында өтеді.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі