Информация о загорании в школе в с.Панфилова Талгарского района Алматинской области

Информация о загорании в школе в с.Панфилова  Талгарского района Алматинской области
2021 жылғы 22 қыркүйекте сағат 16-35-те Алматы облысы ТЖД кезекші байланыс пулына Алматы облысы Талғар ауданы Панфилов ауылындағы Комаровский көшесіндегі мектептің өртенгені туралы хабарлама келіп түсті.
Шақыру орнына дереу Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары жіберілді.
Оқиға орнына келгеннен кейін №17 орта мектепте №29 бастауыш сынып кабинетінде екінші қабатта 1 шаршы метр алаңда қол тігін машинасының макеті жанғаны анықталды.
ТЖ департаментінің бөлімшесі келгенге дейін мектептің қызметкерлері алғашқы өрт сөндіру құралдарымен жануды жойды.
Мектептің құрылысы 3 қабатты, 1983 жылы салынған, күрделі жөндеу 2012 жылы жүргізілген, жалпы ауданы 6649 шаршы метрді құрайды.
Мектепке 1787 оқушы барады. Өртке қарсы қызмет келгенге дейін мектеп персоналы 516 оқушыны және 64 оқытушы мен әкімшілік құрамды дербес эвакуациялады. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
ТЖД 16 қызметкері мен 5 техника шықты.
Өрттің шығу себебі анықталуда. Оқиға орнына Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің сынақ өрт зертханасы шықты.
 
 
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі