Орман өрттері - бұл катаклизм

Орман өрттері - бұл катаклизм

Жаз қызуда, температураның жоғарлауы байқалады, осыған байланысты құрғақ шөптің жануы көбею мүмкін, өйткені өрт қауіпті кезең дала және орман өттерімен қауіпті. Табиғи өрттер бұл катаклизм, табиғат үшін үлкен апат, орман планетамызды өкпесі, орман жанса – таза ауаның азайғаны. Алдынғы жылдары Австралиядағы және Сибирьдағы орман өрттер бүкіл әлемді шошытқан, биыл – Турция. Тауларда, орманды дала аймақтарында өрт қауіпсіздігі және су айдындарындағы қауіпсіздік өткір мәселе болып табылады. Осыған қоса қазіргі уақытта белсенді демалудың сәнді үрдісі, шыңдарды бағындыру, жаяу серуендеуге арналған әдемі жерлерге бару өкінішке орай, туристтердің назар аударарлық орындар жоғалту жағдайларының көбеюіне әкелді, таулардағы туристер, жазатайым оқиғаларға және кейде қайғылы аяқталуына әкелді. Бұл бағытта Талғар аудандық ТЖБ қызметкерлері жұмыс жасауда. Өрт қаупі кезеңі басталғаннан бері 3 дөңгелек үстел өткізілді.

Талғар ауданының ТЖБ қызметкерлері қызметкерлері «Жетісу» телеарнасының тілшілерінің қатысуымен Алматы қорығында дөңгелек үстел өткізді. Өрт қауіпті кезеңдегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері көтерілді, шомылу маусымындағы қауіпсіздікке ескерту, туристердің, оның ішінде балалардың табиғатта демалу уақытында жарақаттануын алдын алу, қорықта тау және өзен трассаларын өту кезінде қауіпсіздік техникасын сақтау және табиғатта демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ұсыныстар берілді. Сонымен қатар өрт сөндіру автокөлігінің макетін пайдаланып көшпелі экскурсия ұйымдастырылды,  өрт сөндіргішпен пайдалану бойынша нұсқаулық өткізілді және көрнекі үгіт таратылды.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі