СУҒА ШОМЫЛУ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК

СУҒА ШОМЫЛУ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК

31 шілде күні аралықтарында Сарқан ауданынына қарасты Сарқан, Басқан,Теректі өзен жағалауларында суға шомылу маусымындағы қауіпсіздікті сақтау бойынша алғашқы медициналық көмек көрсету жиыны өткізілді.Жиналыс барысында демалушыларға суға шомылу кезіндегі ережелерді, балалардың іс-қимылы туралы және алғашқы көмек көрсету сияқты қарапайым ережелер түсіндірілді.Сонымен қатар су айдындарында жаппай демалатын орындарында демалушылардың қоғамды қорындағы жүріс-тұрыс қағидасы бойынша рейдтер ұйымдастырылатындығын, рейд кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын қамтамасыз ету және міндеттерін тиісті орындамау бойынша заңды түрде жауапкершілік шарасы көзделгендігі жөнінде түсіндірілді. Қосымша демалушыларға су қоймаларындағы қауіпсіздік шараларымен таныстырылып, балалардың су айдындарында ата-аналардың бақылауынсыз жіберілмеуіне баса көңіл бөлужөнінде ескертілді. Аталған жиналыста Сарқан ауданы ТЖБ қызметкерлері шомылу ережелері туралы жадынамалар таратылып балаларға түсіндіруге тапсырмалар берілді. Жиын соңын да демалушылар өздерінің сұрақтарын қойып оған тұжырымды жауаптарын алды.

Алматы облысы ТЖД баспасөз-қызметі