2021 жылғы 24 маусымға арналған ауа райы болжамы

2021 жылғы 24 маусымға арналған ауа райы болжамы

Алматы облысы "Қазгидромет" РМК филиалының ауа райы болжамы бойынша:

2021 жылғы 24 маусымға арналған ауа райы болжамы

Облыс бойынша: Күндіз кей жерлерінде өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 9-14, найзағай кезінде 18-23 м/с. Ауа температурасы түнде 12-17, кей жерлерде 9, күндіз 26-31, кей жерлерде 23 градус жылы.

Талдықорған қ.: көшпелі бұлтты, күннің соңында жаңбыр, найзағай.  Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 7-12, найзағай кезінде 15 м/с. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 29-31 градус жылы.

                              25-26 маусымға арналған ауа райы болжамы

25 маусымда жаңбыр, кей жерлерінде қатты жаңбыр, 26 маусымда кей жерлерінде жаңбыр. Кей жерлерінде найзағай, бұршақ. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 9-14, кей жерлерінде 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 10-15, кей жерлерінде 7, күндіз 18-23, кей жерлерінде 15 градус жылы.

 «Қазгидромет» РМК сайтына сілтеме: https://www.kazhydromet.kz/ru.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі