Балаларды сақтаңыздар!

Балаларды сақтаңыздар!

Балалардың жарақат алуы мен өліміне әкеліп соғатын негізгі себептердің бірі – терезеден құлау оқиғасы болып табылады. Балалар табиғи қызығушылықпен ашық терезе алдында қауіп-қатерге бейім, өте осал болып келеді.

Көп жағдайда 2 жастан 7 жасқа дейінгі балалар терезеден құлау қауіп-қатеріне жиі ұшырайды, бұл жастағы балалар терезе алдында ойнаудың қаншалықты қауіпті екенін түсінетін жаста емес.

Статистика көрсеткендей, көп жағдайда балалардың құлауы олардың ата-анасының қарауынсыз қалуы және жанындағы ересектердің немқұрайлылығы себебінен орын алады.

Балаларды терезеден құлау жағдайынан қалай сақтауымыз керек?

  1. Кішкентай балаларды жалғыз қалдырмаңыз, терезеден құлау оқиғалары көп жағдайда ата-аналардың балаларды қараусыз қалдыру кезінде орын алады.
  2. Барлық жиһаздарды бала терезе алдына шыға алмайтындай етіп, терезе жанынан алшақ қойыңыз.
  3. Терезедегі москиттік торларға сенбеңіз! Олар құлаудан сақтауға арналмаған. Керісінше, москиттік тор қайғылы жағдайдың орын алуына әкеліп соғады, балалар москиттік торларды қауіпсіз деп ойлайды және терезеге сүйенгендей сол торларға сүйенеді. Ең сапалы тордың өзі баланың салмағы мен қысымды көтере алмайды.
  4. Егер балаңыз бөлмеде болса, терезені және балкон есігін ашпаңыз. Жоғарғы желдеткіштерді немесе тік желдету режимін пайдаланыңыз.

5.Бала терезені өз еркімен аша алмау үшін, терезелеріңізге арнайы бекіткіштер орнатыңыз!

  1. Терезені қорғаныз, құлпы бар тұтқа немесе тарақ-бұғаттағышорнатыңыз.
  2. Егер Сіз балаңызға терезеден бір нәрсе көрсететін болсаңыз, оны мықтылап ұстаңыз, баланың шұғыл қимылдарына дайын болыңыз, алақанды құрғақ ұстаңыз, баланы киімнен ұстамаңыз.
  3. Егер бекіткіш және сақтандыру құралдарын орнату мүмкіндігі болмаса, бұранданы, тұтқаларды бұрауышпен бұраңыз, бұрауышты қажет болған жағдайда және қолданғаннан кейін бірден алып тастай отырып, оларды жоғарыға қойыңыз.
  4. Балаларға қауіпсіздік сабақтарын үйретіңіз. Балалардың үлкендерін өзінен кіші балаларға қарауға үйретіңіз.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі